Талдамалық анықтама
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 2024 жылы бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы 4 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, («Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» 2 мемлекеттік қызмет, «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру мемлекеттік қызмет» 2 мемлекеттік қызмет).
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
Сонымен қатар, Басқарманың ғимаратында келген азаматтарға санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қойылатын талаптарды ескере отырып, мемлекеттік қызмет түрлері жөніндегі дайындалған буклеттер (А4 формата) таратылды. Сонымен қоса, тұрақты түрде «Сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан қалай қорғануға болады» деген жадынамалар таратылды.
Мемлекеттік қызмет ережелері жөнінде, осыларға қатысты тұрғындарға ақпарат беру және ақпараттардың ашықтығы мен сапасы бойынша тұрақты түрде түсінік жұмыстары жүргізіледі: жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері туралы тиісті ақпарат Басқарма ғимаратында жар тақтайшаларда және Басқарманың ресми интернет-ресурстарында орнатылды.