Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру алгоритмі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру конкурс негізінде жүзеге асырылады (жалпы мерзімі 90 күнтізбелік күн)

№

Процесс

Белгіленген мерзімдер

ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес

1

Жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыру, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет (бос жер учаскелері болған жағдайда)жүргізіледі

ежегодно в срок до 20 января соответствующего года                       (п.7 Правила №518 от 20.12.2018 года)

2

Тізбені қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісу

Тізбе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні

3

Жергілікті атқарушы органның тізбені бекітуі  

(бұдан әрі-ЖАО)

Келісілген күннен бастап 3 жұмыс күні

4

Тізбе бойынша жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу:

1) Мемлекеттік сатып алу жоспарын өзгерту туралы бұйрық;

2) жерге орналастыру жобаларын дайындау үшін мемлекеттік сатып алуды жариялау;

3) ашу хаттамасы, алдын ала ашу хаттамасы, қорытынды хаттамалары, хаттамаға шағымдану және қызмет көрсетуге арналған шартқа қол қою;

4) жер учаскесін әзірлеу, үйлестіру және жерге орналастыру жобасын бекіту

ЖАО тізбесі бекітілген күннен бастап 45 жұмыс күнінен аспауға тиіс

5

Аудан/облыстық маңызы бар қала аумағында таратылатын газеттерде, сондай-ақ ЖАО интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау

 

 

ауданның/облыстық маңызы бар қаланың аумағында таратылатын газеттерде және ЖАО интернет-ресурсында хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, ал қайта конкурс өткізілген жағдайда-15 күнтізбелік күн өткен соң

6

БҚО аудандарының/облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ оның интернет-ресурсында орналастыру үшін орталық уәкілетті органға (ҚР АШМ) конкурс өткізу туралы хабарламалар жолдау

 

Ескертпе: конкурс өткізу туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖАО осы хабарламаны мемлекеттік органдардың халық үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтеріне орналастырады және оны аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне олардың интернет-ресурстарында және халық үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стенділерде орналастыру үшін дереу жібереді.

7

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау (бұдан әрі – өтінім) ЖАО

 

 

Өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні,

ал қайта конкурс өткізілген жағдайда – 10 жұмыс күні.

8

Өтінімдерді қабылдау және тіркеу

 

Ескерту:

1. Өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірін бере отырып және өтініш берушіге хабарлама бере отырып, қағаз жеткізгіште немесе ҚР заңнамасына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі;

2. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген өтінімді ЖАО орталық уәкілетті органға (ҚР АШМ) айқындаған тәртіпке сәйкес конкурс қорытындылары шығарылған күні жібереді.

 

9

ҚР БҚ 43-1-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясының конкурс қорытындысын шығаруы (конкурс аяқталған күн) және конкурс қорытындылары туралы Жер комиссиясының хаттамалық шешімін ресімдеуі (бұдан әрі-хаттамалық шешім)

Ескертпе: конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру жолымен конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және жеңімпаз конкурстық өтінімді айқындайды.

Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күн

10

Хаттамалық шешімді ауданның/облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының (бұдан әрі-уәкілетті орган) интернет – ресурсында орналастыру

Конкурс қорытындысы шығарылған күннен бастап 1 жұмыс күні

11

Барлық өтініш берушілерге және орталық уәкілетті органға (ҚР АШМ) оның интернет-ресурсында орналастыру үшін хаттамалық шешім жолдау

Конкурс қорытындысы шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күні

12

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін ЖАО-ға хаттамалық шешім жолдау (бұдан әрі-ЖАО шешімі)

Конкурс қорытындысы шығарылған күннен бастап 2 жұмыс күні

13

ЖАО шешімін қабылдау

Хаттамалық шешім түскен күннен бастап 3 жұмыс күні

14

Уәкілетті органның уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының (бұдан әрі – шарт) жобасын дайындауы және конкурс жеңімпазын хабардар етуі

Ескертпе: уәкілетті орган конкурс жеңімпазына хабарламаны тапсырғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, жеделхатпен, оның ішінде телефонограммамен хабарлау, ұялы байланыс немесе электрондық пошта арналары бойынша қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді

Шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні

15

Конкурс жеңімпазының шартқа қол қоюы

 

Ескерту:

1.         Конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде Шартқа қол қою үшін уәкілетті органға келуге міндетті;

2.         Шартқа қол қоюдан бас тартылған жағдайда конкурс жеңімпазы уәкілетті органды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті;

3.         Егер конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде Шартқа қол қоймаса, онда ЖАО бас тарту түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды және оны жер комиссиясына жібереді.

4.  Шартқа қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазының келесі конкурстарға 1 жыл ішінде қатысуға құқығы жоқ.

Хабарламаны алған күннен бастап 3 жұмыс күні

 

 

Дата публикации
03 мая 2024