Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабы 5-тармағына және "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 9 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 16 мамырдан-16 маусым аралығында "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.