2023 жылға арналған Азаматтық бюджет бойынша ақпарат

Азаматтық бюджет жоспарлау сатысында

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің

2023 жылға арналған азаматтық бюджеті бойынша ақпарат (өзгерістермен)

 

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-сі 2023 жылға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 122 461,0 мың теңге болатын мынадай бюджеттік бағдарламаларды бекітті:

001 «Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

 «Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша 92 565,0 мың теңге сомасына шығындар жоспарланған, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:

 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» - 0,0 мың теңге

055 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен» - 0,0 мың теңге

015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» - 92 565,0 мың теңге

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: 14 бірлік (12 бірлік мемлекеттік қызметші және 2 бірлік техникалық персонал) жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлық құрам.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру.

 «Жер қатынастарын реттеу» 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша 26 494,0 мың теңге сомаға шығыстар жоспарланды.

 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» - 0,0 мың теңге

015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» - 26 494,0 мың теңге

 Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастарын реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

  1. Жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын/платформасын толтыру (бағдарламалық қамтамасыз ету), мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қызметтері;
  2. Жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын/платформасын ұстау және техникалық қызмет көрсету (бағдарламалық қамтамасыз ету) қызметтері.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: облыстың жер ресурстарын бақылау және тиімді басқару - 100%.

«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 010 бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 402,0 мың теңге сомаға шығыстар жоспарланды.

011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» - 0,0 мың теңге

015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» - 3 402,0 мың теңге

 Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастарын реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Басқарма аппаратының материалдық-техникалық базасын ұлғайту.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері:

Негізгі құралдарды сатып алу: Операциялық жүйе лицензияланған бағдарламалық жасақтама (Microsoft Office) - 23 дана

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету (MicrosoftOffice) операциялық жүйесі сатып алынды, саны – 23 дана.

Дата публикации
22 февраля 2024