2023 қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебі

2023 қаржы жылындағы Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың)

іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба

 

1) бюджеттік бағдарламаның атауы;

001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».

003 «Жер қатынастарын реттеу»

010 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»

2) бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы; бюджет қаражатын үнемдеу сомасы, игерілмеу себептері көрсетілген игерілмеу сомасы;

Қаржы жоспары бойынша 2023 жылға 122 461,0  мың теңге қарастырылған, сонымен қатар нақты игерілген сома 122 455,9 мың теңгені құрайды. Игерілмеу сомасы  5,1 мың теңге қаражат қалдықтары. Қаражаттың игерілу пайызы  99,99 құрайды.

3) бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері:

бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі - БИЖ) бөлінісіндегі ағымды бюджеттік бағдарламалар бойынша көздеген қаражаттар пайдаланылған іс шаралар;

қол жеткізілген тікелей, түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiн сипаттай отырып, сондай-ақ қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткiштерi себептерін көрсете отырып,қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткіштердің бюджеттік бағдарламасының нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау;

бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілу пайызына қатысты нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, нәтижелер мен бюджет қаражатының игерілу пайызында алшақтық болған жағдайда себептерiне түсініктеме беру және тиісті ұйғарым жасау;

001 бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы қаражаты бекітілген штатқа сәйкес "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ қызметін оған жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін қамтамасыз етуге қарастырылған. Жалақы, салықтар. Іссапар шығыстарын, байланыс қызметтерін төлеу және өзге де шығыстар.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері кезінде-штат санының бекітілген лимиті шегінде басқару аппаратын ұстау, штаттан тыс бірліктерді ескере отырып, орындалу пайызы 99,99 пайызды құрады. 4,2 мың теңге сомасына тікелей нәтиже көрсеткіштеріндегі ауытқулар қаражат қалдығы болып табылады.

Барлығы: 92 560,8 мың теңге, орындалу пайызы 99,99 пайызды құрады.

003 бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы қаражаты "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ - нің жер қатынастарын реттеу бойынша қызметіне-Жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын/платформасын толтыру (бағдарламалық қамтамасыз ету), мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қызметтері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын/платформасын (бағдарламалық қамтамасыз ету) ұстау және техникалық қызмет көрсету. Тікелей нәтиже көрсеткіштерінде ауытқулар жоқ.

Барлығы: 26494,0 мың теңге, орындалу пайызы 100 пайызды құрады.

010 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған қаржы қаражаты жергілікті деңгейде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі функцияларды орындауға бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге көзделген "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ Тікелей нәтиже көрсеткіштері негізгі құралдарды сатып алу: Операциялық жүйе лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету (MicrosoftOffice)". 0,9 мың теңге сомасына тікелей нәтиже көрсеткіштеріндегі ауытқулар қаражат қалдығы болып табылады. Барлығы: 3401,1 мың теңге, орындалу пайызы 99,97 пайызды құрады.

Дата публикации
22 февраля 2024