Өздеріңіз білетіндей, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету басқарудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Жер қатынастары басқармасы өз құзыреті шегінде 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 7 жер қатынастары саласында және 4 жер қойнауын пайдалану саласында.
Осы жұмысты одан әрі жақсарту мақсатында 2023 жылғы 23 қарашада Instagram парақшасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты мәселелерді баяндайтын жұмыс кездесуі өткізілді.
Тікелей эфир барысында басқарманың бөлімдерінің басшылары Ашықпаев Ж.И. және Дюсемалиева В.Н. Instagram жазылушыларының сұрақтарына қысқаша ақпарат пен жауаптар берді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және егер мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту бойынша ұсыныстар болса, БҚО жер қатынастары басқармасына жүгіне аласыз.