2023 жылғы 9 айға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің талдауы

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) Бұлтты құжатайналым жүйесі мен Е-өтініш жүйесі арқылы 2023 жылғы 9 айға  жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге талдау жүргізілді.

Осылайша, 2023 9 айға Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 127 өтініш келіп түсті, Оның ішінде өтініш – 80 , шағымдар – 12, сұранымдар –33, ұсыныстар – 2.

Келіп түскен өтініштердің санынан Басқармамен қаралды – 37 өтініш, басқа органдарға жіберілді – 20, өтініш, түсіндірілді –27, жеке қабылдауда – 5; қаңағаттандырылды – 37;  орындау үстінде – 0.

2023 жылғы 9 айға Басқармаға қатысты шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қарау бойынша бұзушылықтар орын алған жоқ.

Өтініштердің басым бөлігі жер құқықтық қатынастары туралы мәселелерді құрады, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Басқарманың қызметкерлері азаматтардың өтініштерімен жұмысты үнемі жетілдіреді. Осы уақытқа дейін өтініштермен жұмыстың олардың келіп түсуінен бастап бақылауға алынуы және қабылданған шешімнің орындалуы бойынша нақты жүйесі жасалды.

Ескерген жөн, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасы талаптарын сақтауы олардың мәселелерін уақтылы және сапалы қарауына және шешуіне ықпал етеді.

Дата публикации
21 ноября 2023