Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) Бұлтты құжатайналым жүйесі мен Е-өтініш жүйесі арқылы 2022 жылға және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге талдау жүргізілді.
Осылайша, 2022 жылға Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 162 өтініш келіп түсті, Оның ішінде өтініш – 62 , шағымдар – 11, сұранымдар –83, ұсыныстар – 6.
Келіп түскен өтініштердің санынан Басқармамен қаралды – 100 өтініш, басқа органдарға жіберілді – 62, өтініш, түсіндірілді –47, жеке қабылдауда – 16; қаңағаттандырылды – 47; орындау үстінде – 0.
2022 жылы бойынша Басқармаға қатысты шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қарау бойынша бұзушылықтар орын алған жоқ.
Өтініштердің басым бөлігі жер құқықтық қатынастары туралы мәселелерді құрады, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Басқарманың қызметкерлері азаматтардың өтініштерімен жұмысты үнемі жетілдіреді. Осы уақытқа дейін өтініштермен жұмыстың олардың келіп түсуінен бастап бақылауға алынуы және қабылданған шешімнің орындалуы бойынша нақты жүйесі жасалды.
Ескерген жөн, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасы талаптарын сақтауы олардың мәселелерін уақтылы және сапалы қарауына және шешуіне ықпал етеді.