БҚО Жер қатынастары басқармасы жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті орган болып табылады.
Осы ретте, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттары мен лицензиялар шарттарының сақталуына бақылау жасау, өндіру жөніндегі операциялардың жүзеге асырылуына мониторинг жасау арқылы іске асырылады.
Басқарма тарапынан осы бағытта жүйелі түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.
Мысалы, ағымдағы жылдың 19 қазан күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің бастамасымен қатты пайдалы қазбалардың жер қойнауы учаскелерінің келісімшарттары мен лицензияларға мониторинг жасау үшін «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің, БҚО бойынша экология департаментінің және БҚО жер қатынастары басқармасының өкілдерінің қатысуымен Теректі ауданы, Шалқар ауылдық округі Сарыөмір ауылы аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылардың учаскелеріне барып, мониторинг ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, атқарылған жер қойнауы учаскелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.