Облыс бойынша бүгінгі күні 64 жер қойнауын пайдаланушылар бар, олар 78 объектілер бойынша тиісті жұмыстарын жүргізуде.
Талдау кезінде, тиісті төлемдердің төленуі, жасалған шарт, лицензия талаптарының сақталуына назар аударылады.
Мониторинг қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдаланушыларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар алу бойынша шешімдер қабылданады.