Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасында
өтiнiштерді қарау тәртiбi мен жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн
жеке қабылдау
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) келіп түскен өтініштерді қарау мен жеке қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және Азаматтардың өтініштерін қарау және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Азаматтар Басқармаға ұсыныстармен, өтініштермен, шағымдармен және сұрау салулармен мемлекеттік тілде немесе өтiнiш берiлген тiлде жүгінуге құқылы. Жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтiнiш берiлген тiлде беріледі. Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Басқармада азаматтардың өтініштерімен жұмыс, азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру және заңды тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды қабылдау әкімшілік бөлімімен қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік бөлімнің басшысы – Әлия Жәңгірқызы Халидуллина (жеке қабылдауды ұйымдастыру, өтініштерді тіркеу, орындалуын бақылау, жұмысты талдау), №412 кабинеті, тел.: 515414.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері №414 кабинетте (қабылдау бөлмесі) қабылданады, тел.: 506646.
Басқармаға азаматтардың өтініштерін қабылдау кезінде келесіні ескеру қажет:
Өтініштер жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін және жазбаша немесе ауызша нысанда ұсынылады.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi Басқармаға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде қаралады.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi Басқармаға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады. Өтiнiштi қарау мерзiмiн Басқарма басшысы ұзартады.
Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
Көтерілген мәселелерді шешу Басқарманың құзыретіне кірмейтін өтініштер 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей өтінішті беруші азаматқа хабарлана отырып, тиісті органдарға жіберіледі.
Көтерілген мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданған және арыз берушілерге жауап берілген өтініштер шешілген болып есептеледі.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау Басқарма басшысымен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес Басқарма басшысымен жүргізіледі.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесі:
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Қабылдау күні |
Уақыты |
|
Мақсотов Нұржан Ерболатұлы |
Басқарма басшысы |
Бейсенбі |
16.00-18.00 |
Басқарма басшысының жеке қабылдауына жазылу №412 кабинетте жүргізіледі, анықтама телефондары: 515414.
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасындағы
азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғасы
|
Т.А.Ә. |
Лауазымы |
Телефон |
Е-mail |
|
Мақсотов Нұржан Ерболатұлы |
Басқарма басшысы |
+7 (7112) 515414 |
|