2019 қаржы жылындағы Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың)
іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба
1) бюджеттік бағдарламаның атауы;
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
010 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»
2) бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы; бюджет қаражатын үнемдеу сомасы, игерілмеу себептері көрсетілген игерілмеу сомасы;
Қаржы жоспары бойынша 2019 жылға 118 380,0 мың теңге қарастырылған, сонымен қатар нақты игерілген сома 118 349,2 мың теңгені құрайды. Игерілмеу сомасы 30,8 мың теңге (уақытша бос жұмыс орнына байланысты үнем және пайдаланылмаған іссапарлар бойынша қалдықтар). Қаражаттың игерілу пайызы 99,9 құрайды.
3) бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері:
бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі - БИЖ) бөлінісіндегі ағымды бюджеттік бағдарламалар бойынша көздеген қаражаттар пайдаланылған іс шаралар;
қол жеткізілген тікелей, түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiн сипаттай отырып, сондай-ақ қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткiштерi себептерін көрсете отырып,қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткіштердің бюджеттік бағдарламасының нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау;
бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілу пайызына қатысты нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, нәтижелер мен бюджет қаражатының игерілу пайызында алшақтық болған жағдайда себептерiне түсініктеме беру және тиісті ұйғарым жасау;
001 бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы қаражаты бекітілген штатқа сәйкес "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ қызметін оған жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін қамтамасыз етуге қарастырылған. Жалақы, салықтар. Іссапар шығыстарын, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін төлеу және өзге де шығыстар.
Тікелей нәтиже көрсеткіші - штаттан тыс бірліктерді есепке ала отырып, бекітілген штат санының лимиті шегінде басқарма аппаратын ұстау орындау пайызы 94,1 пайызды құрады, бұл көрсеткіш нәтижесіне қол жеткізбеудің себебі жоспар бойынша 17 адам болса, нақты 16 адам ауытқу 1 адамды құрады.
003 бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы қаражаты "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ - нің жер қатынастарын реттеу бойынша қызметіне-жергілікті атқарушы органдардың геақпараттық порталын/платформасын (бағдарламалық қамтамасыз етуді) сатып алуға, сондай-ақ облыс аудандарының әкімшілік шекараларын белгілеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге және оларды ҚСЖААЖ ДБ енгізу үшін Мемлекеттік корпорация филиалдарына беруге көзделген.
Тікелей нәтиже көрсеткіштерінде ауытқулар жоқ. Бюджеттік қаражат толық көлемде игерілді.