2021 қаржы жылындағы Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың)
іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба
1) бюджеттік бағдарламаның атауы;
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
003 «Жер қатынастарын реттеу»
010 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»
2) бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы; бюджет қаражатын үнемдеу сомасы, игерілмеу себептері көрсетілген игерілмеу сомасы;
Қаржы жоспары бойынша 2021 жылға 121199,0 мың теңге қарастырылған, сонымен қатар нақты игерілген сома 118052,1 мың теңгені құрайды. Игерілмеу сомасы 3146,9 мың теңге (қаражат қалдықтары және мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу). Қаражаттың игерілу пайызы 97,4 құрайды.
3) бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері:
бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі - БИЖ) бөлінісіндегі ағымды бюджеттік бағдарламалар бойынша көздеген қаражаттар пайдаланылған іс шаралар;
қол жеткізілген тікелей, түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiн сипаттай отырып, сондай-ақ қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткiштерi себептерін көрсете отырып,қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткіштердің бюджеттік бағдарламасының нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау;
бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілу пайызына қатысты нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, нәтижелер мен бюджет қаражатының игерілу пайызында алшақтық болған жағдайда себептерiне түсініктеме беру және тиісті ұйғарым жасау;
001 бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы қаражаты бекітілген штатқа сәйкес "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ қызметін оған жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін қамтамасыз етуге қарастырылған. Жалақы, салықтар. Іссапар шығыстарын, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін төлеу және өзге де шығыстар.
Тікелей нәтиже көрсеткіші - штаттан тыс бірліктерді есепке ала отырып, бекітілген штат санының лимиті шегінде басқарма аппаратын ұстау орындау пайызы 99,9 пайызды құрады.
003 бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы қаражаты "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ - нің жер қатынастарын реттеу бойынша қызметіне-Жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын/платформасын толтыру (бағдарламалық қамтамасыз ету), мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қызметтері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталын/платформасын (бағдарламалық қамтамасыз ету) ұстау және техникалық қызмет көрсету.
010 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған қаржы қаражаты жергілікті деңгейде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі функцияларды орындауға бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге көзделген "БҚО жер қатынастары басқармасы" ММ Тікелей нәтиже көрсеткіштері негізгі құралдарды сатып алу: моноблок, жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, интерактивті LED Touch-панель (сенсорлық экран), А3 форматтағы МФУ принтері, А4 форматтағы МФУ принтері, А0 форматтағы Плоттер 2в1 (+сканер),, GPS-қалталы навигаторф, ИБП (УПС), бейнепроектор, бейнепроекторға арналған Экран, ID-телефон, вирусқа қарсы бағдарлама (бір жылға арналған Лицензия), операциялық жүйе. Өнім беруші тікелей нәтиже көрсеткіштеріндегі ауытқуларды 2954,0 мың теңге сомасына тауар ұсынған жоқ, "ДЕКЕРТ" ЖШС-не жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыз берілді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша 187,6 мың теңге үнемделді. Барлығы 3146,6 мың теңге, орындалу пайызы 68,6 пайызды құрады.