Азаматтық бюджет жоспарлау сатысында
«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің
2020 жылға арналған азаматтық бюджеті бойынша ақпарат (өзгерістермен)
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-сі 2020 жылға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 148 510,0 мың теңге болатын мынадай бюджеттік бағдарламаларды бекітті:
001 «Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
«Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша 46 311,0 мың теңге сомасына шығындар жоспарланған, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:
011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» - 0,0 мың теңге
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» - 46 311,0 мың теңге
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: 17 бірлік (15 бірлік мемлекеттік қызметші және 2 бірлік техникалық персонал) жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлық құрам.
Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру.
«Жер қатынастарын реттеу» 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша 102 199,0 мың теңге сомаға шығыстар жоспарланды.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастарын реттеу
Тікелей нәтиже көрсеткіштері:
Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: облыстың жер ресурстарын бақылау және тиімді басқару - 100%