Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Цифрландыру

Цифрландыру (2026 жылғы 9 қаңтар жағдайы бойынша)

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың геопорталын құру жұмыстары жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта геопортал www.map.e-batys.kz  мекенжайы бойынша орнатылды.

Геопорталдың  құру мақсаты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ бизнес өкілдері үшін жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізу және салалар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру болып табылады.

Аталған геопорталда ауыл шаруашылық және коммерциялық мақсатындағы сауда-саттық арқылы берілуі жоспарланған бос және берілген жер учаскелерінің схемалары, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғандар адамдардын тізімі, бос және берілген кен орындары, орман, су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар мен магистралдық құбырлар, автокөлік және темір жолдары, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, кәріз, электр, газ және жылумен жабдықтау), ауыл шаруашылығы алқаптары, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм объектілері, сонымен қатар егжей-тегжейлі жобалары, Бас жоспарлар  орнатылды.

Геоақпараттық портал арқылы жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік кызметтерді электрондық түрде көрсету үшін бизнес-процестері автоматтандырылды.

Өтініш берушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасындағы байланысты төмендету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында 2021 жылы Орал қаласы, Бөрлі ауданы мен Бәйтерек ауданының аудан орталықтары бойынша жер учаскесін таңдау актісін барлық мүдделі ұйымдармен келісудің автоматтандырылған рәсімі енгізілді, ол геопорталда электрондық түрде жүзеге асырылады.

Жер таңдау актісін келісуді автоматтандыру мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен байланысты болдырмауға мүмкіндік берді, сондай-ақ келісу рәсімін жеделдетті.

2022 жылы 10 аудан орталығында (Ақжайық, Тасқала, Казталов, Жаңақала, Жәнібек, Бөкей ордасы, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары) мүдделі ұйымдармен жер учаскесін таңдау актісін келісу рәсімін автоматтандыру толығымен аяқталды.

Геопорталды электрондық деректердің бірыңғай қоймасымен және электрондық үкімет порталымен интеграциясы жүзеге асырылды.

2023 жылдың 9 қазанынан бастап Орал және Ақсай қалалары бойынша жер учаскелерін беруге өтінімдерді тек электрондық түрде бірыңғай «Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы қабылдануда, осыған орай, 2025 жылы Ақсай және Орал қалалары бойынша жер учаскелерін алуға 1009 өтінім берілді, оның 328 өтінім мақұлданды, ал 681 өтінім бойынша бас тартылды.

 

 

 

 

Документы
Ақпарат
17 января 2025
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың атқарылған жұмыстар туралы.
Жоспар
11 января 2024
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары.
Жоспар
29 апреля 2021
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы
2021 жылға арналған медиа-жоспары
Новости
Полезные материалы
Цифрландыру
Медиагалерея
0
"МойГород" сайтында жарияланған ақпарат.
0
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларындағы өзгерістер туралы ақпарат.
События
24 декабря
БҚО-ның геоақпараттық порталының презентациясы
Реализуемые проекты
Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық жүйесі
Перейти
Жер ресурстарының порталы www.zem.kz
Перейти
Услуги
Организации
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы
Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы