Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Ағымдағы жылдың 27 тамызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Ибрашевтың қатысуымен басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.
Шара барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның негізгі жаңалықтары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру, оларды көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер және заңнама талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметкер орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы Джаскалиева Елена Хамидуллақызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Шара барысында Басқарма басшысы М.Т.Мулдашев жас мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, кәсіби қызметінде күш-жігерін аямай жұмсауға шақырды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 қыркүйек – 30 қыркүйек аралығында «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі бұлақтар мен су айдындарының жағалауын тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясының екінші кезеңін бастады.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екінші кезеңі еліміздің 12 облысында өтті. Акция барысында бұлақтар мен су айдындарының аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында бір мезгілде ұйымдастырылды. Акция аясында 58 бұлақ пен 33 су айдынының аумағы тазартылды.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов өңір жұртшылығымен бірге Тасқала ауданындағы Тасқала ауылында орналасқан бұлақты тазарту жұмысына қатысты.
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы 3 бұлақтың және 14 су қоймалары жағалауында акция ұйымдастырылды. Бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазарту жұмыстарына 150-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы, «Батысирригация» КММ, Тасқала ауданы әкімдігі қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті ақсақалдар, еріктілер мен студенттер болды.
Жалпы алғанда республикалық экологиялық акцияның екінші кезеңіне еліміз бойынша бір мезгілде 10 мыңнан астам адам қатысты.
Еске сала кетейік, биыл 23 наурызда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының алғашқы кезеңі өтті. Ол Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында бір мезгілде ұйымдастырылып, 30 бұлақ пен 19 су айдынын қамтыды. Тазалау және абаттандыру жұмыстарына 9 мыңнан астам адам, оның ішінде 700-ден астам ерікті қатысты.
2026 жылдың 18 маусым күні БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік қызметшілері және басқармаға бағынысты мекемелерінің басшылары арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізгі ережелерін, «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, қызметтік әдеп талаптарының сақталуын, азаматқа бағдарланған мінез-құлық моделін орнықтыру бойынша басқарма басшысы М.Молдашевтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларында көзделген шектеулер, мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтен тыс уақытта қоғамдық көліктерді пайдалану тәртібін сақтау жөнінде түсіндіріме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мәселелер қаралды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік шаралары және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда атқаруы тиіс іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.
Шара барысында орман шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, қолданыстағы проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланды.
Басқармада облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафиковна Хайруллинаның қатысуымен семинар өтті. Кездесу барысында Әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар семинарға Батыс Қазақстан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Қабдоллин Мейрамбек Ержанұлы қатысты. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында діннің негізгі бағыттары, деструктивті діни ағымдардың алдын-алу, қоғамда діни ахуалды тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беріп, әлеуметтік желілерде және интернет кеңістігінде кеңінен тарап жатырған күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қараудың маңыздылығын айтты.
Орал қаласының көрікті жасыл аймағы – Жайық өзенінің жағалауында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов сала қызметкерлері мен табиғат жанашырларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде ол: «Ақжайық өңірі қоршаған орта саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің нәтижесінде еліміздегі экологиялық ахуалы қолайлы, жасыл аймақтардың бірі болып табылады», – деп атап өтті. Сонымен қатар қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері, жастар және мемлекеттік қызметкерлер табиғатты қорғау саласына қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық наградаларымен және облыс әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысып жүрген облыс жастары мен экологиялық мәдениетті насихаттауға үлес қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара соңында оқушылар мен жастардың қатысуымен «Эколог сағаты» ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау тақырыптарында танымдық іс-шаралар өткізілді.
Орман өрттерін алдын-алу шаралары туралы баспасөз конференциясы өтеді
Мекемелердің қызметтік көліктерін тек мақсаты, лауазымдық міндеттерін орындау және рұқсат етілген қызмет үшін пайдалану талабы бойынша басқарманың қызметкерлері мен басқармаға қарасты бағынысты мекемелері қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етіп, оны тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға міндетті. Атап айтқанда, қызметтік автокөлік тек қызметтік қажеттіліктерге сай қолданылып, оны пайдалану тәртібі мен талаптары қатаң сақталуы тиіс.