«Орал Недра» ЖШС-і Экологиялық Кодексіне сәйкес БҚО Орал қаласы, Желаев а/о, Желаев ауылы, Бірлік көшесі 16/1 үй, Желаев ауылы әкімі аппаратының ғимараты мекен-жайында келесі жобалар бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдалым өтетінін хабарлайды:
19.08.2025 ж. Сағат 11.00-де «ҚР Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының аумағында орналасқан № 1 учаскенің шығыс бөлігінде Орал кен орнының 1-учаскесінің оңтүстік-шығысын игеруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспары» жобасына жасалған Қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы есебіне». Кен орнының ортасының географиялық координаттары: 51°14' 45,86" с.е. и 51°29' 57,41" ш.б., 51°14' 45,86" с.е. и 51°29' 57,41" ш.б.
Жобалық құжаттама пакетімен ақпараттық жүйеде ndbecology.gov.kz және «Батыс – Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher-paidalanuy?lang=ru танысуға болады.
Сонымен қатар барлық ұсыныстар мен ескертулер ақпараттық жүйеде ndbecology.gov.kz немесе келесі электрондық почтаға tabigat_zko@mail.ru қоғамдық тыңдалым өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күні мерзімінде кешіктірілмей қабылданады.
Бастамашы – «Орал Недра» ЖШС, БҚО, Орал қаласы, Мухит көшесі, 71үй, тел.: +7(777)-777-00-05.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «Экопроект» ЖК, Орал қ, Құрманғазы көшесі, 210 үй, 69 офисі, тел.: 8 (775)4132434.
Төтенше жағдайлар немесе шектеу іс-шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдалым онлайын режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме ақпараттық жүйеде ndbecology.gov.kz және «Батыс – Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында беріледі. https://us05web.zoom.us/j/86060836942?pwd=e07O4bK5FOruBKBRGoFDw80WJ4vrks.1
Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 160 үй, 71, тел.: 87028766621.
материалы по общественному слушанию
фото материалы по общественному слушания