Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы

Облыстық көп бейінді ауруханасы қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК Орал қаласы, Н.Савичев көшесі, 85 мекенжайы бойынша БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы "МКК қазандығының құрылысы" нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуі жөнінде ашық жиналыс түрінде (пандемия болған жағдайда байланыс конференциясы түрінде) қоғамдық тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.

 Жергілікті атқарушы орган: Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, zko forest@mail.ru. тел. +7 (7112) 240976.

Экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі орган: «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашыльқ жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын («Мемсараптама» РМК).

Тапсырыс беруші: БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК, тел.: +7(7112)266270, e-mail: zkoblbolnica@yandex.ru

«Қоршаған ортаға әсерді бағалау» тарауы бойынша баяндаманы әзірлеуші: «Рябинина О.А. ЖК» тел. +7(7122)304101, ұ.т.+7 777 294 1682 kureni@rambler.ru

Жобаның электрондық нұсқасы https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher-paidalanuv? lang=ru сайтында орналастырылған.

Барлық ұсыныстар мен ескертулер kureni@rambler.ru, giprogaz1@yandex.kz поштасы арқылы қабылданады.

Пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың басталу күні – 2020 жылғы 04 қарашадан 2 желтоқсанға дейін.

Жиналыс 2020 жылғы 04 желтоқсанда сағат 15.00-де ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК, №12 корпустың мәжіліс залында өтеді.

 

 

 

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы
Дата публикации
04 ноября 2020