Анықтама

       

Басқарманың қызмет бағыттарының бірі – жобаланған қызметтердің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалаудың дұрыстығына, құжаттарда экологиялық нормативтік талаптардың сақталуына экологиялық сараптама жүргізу.

2014 жылдың шілде айынан бастап Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық реттеу бөліміне «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» және «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және www.elicense.kz бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету міндеттері жүктелген.

2020 жылдың 9-айында 1022 өтінім қаралып, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді және 133 жоба қаралып, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру - 190

Ағаш кесу және орман билетін беру - 437

Қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер 2020 жылдың 9-айында эмиссия үшін нақты төлемдер 1 779 204 мың теңгені құрады.

Өткізілген бақылау шараларының саны (бекітілген жылдық жоспарына сәйкес) - 3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны  – 3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту – 62

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны - 3

 

Справка
Дата публикации
21 октября 2020