2024 жылы орындалған іс шаралар

2024 жылы орындалған іс шаралар:

  1. Орал қаласы аумағында Led – дисплейде атмосфералық ауа сапасының көрсеткіштерін жариялау. Экологиялық әсер: халықты хабардар ету денсаулық тәуекелдерін азайтуға және қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуге, сондай-ақ ауаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді.
  2. Ресей Федерациясының Саратов каналынан Орал-Көшім жүйесінен Ресей Федерациясының Паллас жүйесінен Үлкен Кіші Өзен өзеніне Жәнібек суару-суландыру жүйесіне санитарлық-экологиялық мақсаттарға су беру. Экологиялық әсер: 45 мың тұрғыны бар оңтүстік аудандарда санитарлық-экологиялық ахуалды жақсарту.
  3. «Деркөл өзенінің жағалауын бекіту және түбін тазалау» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындау . Экологиялық әсер: елді мекендердің су басу қаупін болдырмау және тұрақтылықты сақтау.
  4. Жер асты суларын іздестіру-барлау және кенорындарын барлауға дейінгі жұмыстар бойынша іс-шаралар.Экологиялық әсер: Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау арқылы елді мекендердің су қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі және экологиялық ахуал жақсарады.
  5. Гидротехникалық құрылымдарға көпфакторлы зерттеу жүргізу. Экологиялық әсер: ГТҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған орта тұрақтылығын сақтау.
  6. Теректі ауданындағы Орал өзенінен су алумен Жайық-Шалқар каналын реконструкциялау. Экологиялық әсер: аумақты суландыру арқылы экологиялық ахуалды жақсарту
  7. Ақжайық ауданының Азнабай-Тайпақ суландыру жүйесін реконструкциялау. Экологиялық әсер: аумақтың суландыру арқылы экологиялық ахуалды жақсарту.
  8. Бөкейордасы ауданы Мұратсай өзеніндегі су қоймасы реконструкциясының ЖСҚ дайындау. Экологиялық әсер: аумақта су жинақтау арқылы экологиялық ахуалды жақсарту.
  9. Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу үшін ЖСҚ дайындау. Экологиялық әсер: Су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау.
  10. Ормандарды сақтау,  қорғау,  молайту және орман  өсiру. Экологиялық әсер: орман экожүйелерін қорғау, ормандылықты ұлғайту жөнінде іс-шаралар жүргізу, орман-аңшылық орналастыру, орман және жануарлар дүниесі өнімділігін есепке алу және биологиялық негіздеу, орман экожүйелерінің оңтайлы биоәртүрлілігін қолдау.
  11. Орман шаруашылығы мекемелеріне көлік құралдарын, машиналарды, құрал саймандарын сатып алу. Экологиялық әсер: орман қорын күзету және молықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, орман өрттерінен кейін аумақтарды оңалту және орманды қалпына келтіру.
  12. Жануарлар дүниесін қорғау. Экологиялық әсер: жыртқыш жабайы жануарлардың санын реттеу жұмыстарын жүзеге асыруды тиімді жүргізу.
  13. Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау. Экологиялық әсер: биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау және қалпына келтіру.
  14. БҚО аумағындағы су айдындары және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарының қырылуын болдырмау бойынша тұншығудың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Экологиялық әсер: биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау.
  15. "Казталов ауданы Казталов ауылына ҚТҚ полигонының құрылысы" ЖСҚ түзету. Экологиялық әсер: қоршаған ортаның, топырақтың қалдықтармен ластануына жол бермеу.
  16. "Казталов ауданы Жалпактал ауылына ҚТҚ полигонының құрылысы" ЖСҚ түзету. Экологиялық әсер: қоршаған ортаның, опырақтың қалдықтармен ластануына жол бермеу.
  17. Уытты қалдықтарды жою бойынша шаралар өткізу. Экологиялық әсер: қоршаған ортаға теріс әсер етуге және халықтың улануына жол бермеу.
  18. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні бойынша іс-шаралар. Экологиялық әсер: табиғат байлықтарына ұтымды және ұқыпты қарауды, оның ресурстарын ұтымды пайдалануды, табиғатқа құрметпен қарауды тәрбиелеу бойынша экологиялық ойлауды қалыптастыру.
  19. "Таза орман" акциясын өткізу. Экологиялық әсер: экологиялық мәдениет пен ойлауды қалыптастыру.
  20. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу. Экологиялық әсер: Балық шаруашылығы су айдындарын зерттеу.

 

2024 жылы орындалмаған іс шаралар:

  1. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын өлшеуді және атмосфералық ауаның, судың және топырақтың сапасын бақылау құрал-жабдықты сатып алу. Қаржыландыру болмады.
  2. Гидрометеорологиялық мәліметтер. Казгидромет мәліметтері тегін ұсынылуына байланысты келісімшарт жасалмады.
  3. БҚО Теректі ауданының Солянка өзеніндегі су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу. Қаржыландыру болмады.
  4. Орал қ. жер асты су тоғанында 5 су ұңғымасын салу (бұрғылау). Қаржыландыру болмады.
  5. Сорғы жабдығы мен су тартқыштың қуатын Д-300-ден Д-500-ге дейін ұлғайта отырып, ПНС-20 қайта жаңғырту. Қаржыландыру болмады.
  6. БҚО ТРТПРБ жанынан резервтік қордағы су айдындары және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын қорғау бойынша бөлімше құру. Қаржыландыру болмады
  7. Резервтік балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балықтардың бағалы түрлерін жіберу. Қаржыландыру болмады
  8. Орал қалалық ҚТҚ полигонының құрылысы. ЖСҚ дайындау аяқталмады.
  9. Бөрлі ауданы Ақсай қалалық ҚТҚ полигонының құрылысы. ЖСҚ дайындау аяқталмады.
  10. "Таза жағалау"акциясын өткізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша Жеткізуші жұмысты орындамады.
  11. БҚО аумағындағы Жайық өзеніндегі балық шаруашылығы жағдайын жақсарту үшін түбін тереңдету, түбін тазалау және уылдырық шашу орындарын қалпына келтіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. ЖСҚ дайындау аяқталмады.
  12. БҚО аумағындағы Жайық өзенінде түбін тереңдету, түбін тазалауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар ТЭН, ЖСҚ дайындау ЖСҚ дайындау аяқталмады..
2024 жылы орындалған іс шаралар
Дата публикации
28 января 2025