Экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат
Табиғат қорғау шаралары және экологиялық реттеу бөлімі бойынша
31.12.2024 ж. II санаттағы объектілерге әсер етуге 36 рұқсат қаралып және рұқсат берілді (2023 ж. – 25), Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың 122 қорытындысы (2023 ж. – 76) берілді.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен көлемінің жалпы сомасы 1 млрд 965 млн 713 мың теңге.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызуға жататын, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн. 609 мың.866 теңге.
Жаңа ҚР Экологиялық Кодексіне сәкес жер қойнауын пайдаланушылардан және мұнай секторы ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қоюлар есептелмейді.
2025 жылдың басында жергілікті бюджеттен Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері жобасын жасақтауға 40,9 млн.теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда жобаны жасақтауға мемелекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні «ҚТҚ көму үшін полигонды рекультивациялау» объектісі бойынша ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы жобасы (құны 12,0 млрд.теңге).
Қазіргі уақытта «Орал қаласында ҚТҚ жаңа полигонының құрылысы» техникалық экономикалық негіздеме бойынша сараптаманың оң қорытындысы әзірленіп алынды. Осы мақсатта Бәйтерек ауданында қолданыстағы полигоннан 7 км қашықтықта ауданы 70 га жер учаскесі бөлінді, жаңа полигонның ауданы Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінің аумағында 70 га құрайды. 2023 жылы 101,8 млн. теңге сомасына жаңа қалалық полигон құрылысына ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалды.
2024 жылы Бөрлі ауданының әкімдігі Ақсай қ. ҚТҚ полигонының құрылысына ЖҚҚ әзірлеуді бастады.
2024 жылы облыс аумағында 127 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталды.
ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі өткен жылы 22,1%-ды құрады.
ЖК «Үсенова» макулатураны жинаушы және өңдеуші кәсіпорын болып табылады. Жыл сайын 100 тоннадан астам макулатура өңдейді және гигиеналық тауарлар шығарады. Кәсіпкер мемлекеттік орган бойынша 500 экобокс орнатып, макулатураны бөлек жинауды енгізеді.
2018 жылдан бастап «Кама Центр» ЖШС-де Орал қаласында қуаттылығы жылына 5 500 тонна ECOGOLD-700 зауытта орындалған жабдықтармен жинақталған шиналарды кәдеге жарату желісі жұмыс істейді.
2022 жылдың басынан бастап Орал қаласында «Орал сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС пластикалық қалдықтар мен төмен қысымды полиэтиленді қайта өңдеу зауыты жұмыс істейді. Жыл сайын 10000 тоннадан астам қалдықты өңдейді.
2019 жылдан бастап Орал қаласының ҚТҚ полигонында қуаты жылына 100 мың тонна қоқыс сұрыптау желісі жұмыс істейді.
2024 жылы 16 қазанда Ақсай қаласында «Digitalisation and Resycling» ЖШС қуаты жылына 5 мың тонна қоқысты сұрыптау және бастапқы өңдеу кешенін іске қосты.
Пластикалық қалдықтарды жинауды және өңдеуге шығаруды тиімді ұйымдастыру мақсатында 8 аудан орталықтарынан (Сырым, Казталов, Теректі, Бөрлі, Ақжайық, Қаратөбе, Бөкей ордасы, Тасқала) баспасөз аппараттары сатып алынды.
Орман шаруашылығы.
01.01.2025 жылға мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы ауданы - 224 699 га, оның ішінде орманмен қамтылған аумағы 88 457 га, облыстың ормандылығы 0,6% құрайды.
Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуға қатысты Жолдауын орындау аясында Кешенді жоспарға сәйкес облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 5 жылда 15228 га ауданға орман дақылдарын отырғызу және 6253 га ауданға орман дақылдарын толықтыру жоспарланған және 56,6 млн дана ағаш отырғызылады. 2024 жылы ҚР Премьер-министрі Бектеновтің сұраныс хатына сәйкес ағаш отырғызу жоспарын 2027 жылға дейін ұзарту Мемлекет басшысымен келісілді. Сондықтан 2021-2027 жылдарға арналған жаңа Кешендік жоспар жасақталып бекітілді және ҚР ЭТРМ келісілді. (2021 ж. - 3,47 млн дана, 2022 ж. – 8,1 млн дана, 2023 ж. - 11,8 млн дана, 2024 жылы – 7,56 млн дана, 2025 жылы – 8,26 млн дана, 2026 жылы – 8,82 млн дана, 2027 жылы - 9,49 млн дана).
2024 жылы орман шаруашылығы мекемелерімен орман қоры аумағында орман дақылдарын отырғызу 2087 га алқапқа және 1347 га алқапқа орман дақылдарын толықтыру жүргізілді және 8,278 млн дана әр түрлі ағаш-бұта тұқымдыларының көшеттері отырғызылды.
2024 жылы өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін болдырмау мақсатында өртке қарсы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді, соның ішінде:
- минералданған жолақтардың құрылысы және минералданған жолақтарға күтім жасау 12 819 км, орындалғаны 12 879 км;
- өртке қарсы маңызы бар жолдарды жөндеу және күтіп ұстау 5,2 км, орындалғаны 5,2 км;
- орамдардың шекарасын белгілеу үшін кеңейтіп, тазартып кесу 68 км, орындалғаны 68 км.
400 аншлагатар және билбордтар орнатылып, жаңартылды. Жерлері мемлекеттік орман қоры аумағымен шектесетін жер пайдаланушыларға 357 ұйғарым берілді. 3568 парақшалар жасалды және таратылды.
Жыл басынан облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 1513 рейд жүргізілді, табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 391 хаттама толтырылды. Сонымен қатар 3824,8 мың теңге сомасында айыппұл салынды, 3714,1 мың теңге сомасында айыппұл өндірілді. 6349,4 мың теңге сомасында залал салынды, 5435 мың теңге сомасында залал өндірілді.
Жалпы ауданы 5,8 млн га 63 аңшылық алқап құжаттандырылды, оның ішінде жалпы ауданы 4,5 млн га 44 аңшылық шаруашылығы аңшылық пайдаланушыларға бекітілді.
Бүгінгі күні облысымызда 50 гидротехникалық құрылымның 25-і қанағаттанарлықсыз күйде (республикалық – 3, коммуналдық – 20, жеке – 2).
2024 жылы 10 су қоймасында (республикалық меншіктегі 4 су қоймасында (Киров, Балықты Сакрыл, Айдархан, Бағырлай), коммуналдық меншіктегі - 6 (Аяқ, Мұратсай, Чирово, Ұзынкөл, Кемер, Жаңа Өмір) реконструкция және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы 11 су қоймасына (республикалық меншіктегі 3 су қоймасында (Бітік,Дөңгелек, Пятимар) коммуналдық меншіктегі 8 су қоймасына) көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта 14 су қоймасының реконстуркциясына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.
«Батысирригация» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаты 39-дан 73 ке ұлғайтылды. 2025 жылға мекеме қызметіне 190 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда жұмысқа қабылданған адам саны 45. 2024-2025 жылдары жылы 31 бірлік арнайы техника алуға 1,125 млрд.теңге бөлінді, мемлекеттік сатып алу жүруде.
«Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры есебінен 18 қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, 1 нысан бойынша жұмыстар аяқталуда. Қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 37,1 км.
Тасқын су қаупі бар өзендерде су тасқыны қаупін алдын ала анықтау үшін Жайық, Деркул, Шаған өзендерінде орналасқан автомобиль көпірлеріне «Гидрологиялық құрылығы негізінде су тасқынын хабарлау және мониторингі үшін кешенді жүйе» орнатуға келісімшарт жасалды. Жоба құны 99 567,2 млн.теңге.
СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БОЙЫНША Орал қаласы шегіндегі Жайық өзені жағалауын нығайту үшін жергілікті бюджеттік шұғыл шығындары есебінен 400 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні ҚР Үкіметі резервінен қаражат сұратылуда.
Қазақстан Республикасы су саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 694 қаулысымен бекітілген) сәйкес 2025 жылы жалпы соммасы 804 млн.теңгеге (республикалық меншіктегі Киров, Шаған, Казталов 1, Казталов 2 және коммуналдық меншіктегі Чирово) су қоймасында реконструкция және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Сонымен қатар 2025 жылы 197 млн.теңгеге 13 (республикалық 4, коммуналдық 9) су қоймасында көпфакторлы тексеріс жұмыстарын жүргізу және 8 су қоймасының реконструкциясына ЖСҚ дайындау жоспарланып отыр (240 млн.теңге).
Тасқала ауданы Тасқала ауылы шегінде Деркөл өзенінің арнасын кеңейту жобасы бойынша республикалық (Су ресурстары және ирригация министрлігіне) бюджеттен қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім жолданды. Жоба құны 620 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, әкімдікпен облыс аумағындағы Шыңғырлау өзені арнасын тазарту (11 км) бойынша жоба дайындалуда.
2023 жылы «БҚО Тасқала ауданы Жайықбай каналын реконструкциялау. Түзету» жобасы дайындалды. Жоба құны 1,6 млрд.теңге. Жобаны Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру жоспарлануда.