«Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» Батыс Қазақстан облысының-Қараағаш (БҚО, Шыңғырлау ауданы) аңшылық алқабын бекіту бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Өтінімдерді ашу конкурс веб-портал арқылы 2024 жылдың 28 мамырында сағат 10-00 өткізіледі. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Өтініштер gosreestr.kz электрондық порталы арқылы беріледі. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Аңшылық алқаптарды бекіту кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама;
Қосымша ақпаратты 8 (7112) 240953 телефоны бойынша алуға болады.