Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ҚР Экология кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 22-бабының 8-тармағының және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығымен бекітілген «Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларының» (әрі қарай – Қағидалар) талаптарын орындау мақсатында 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін II және III санаттар операторларының (Қағидалардың 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын) 2023 жыл бойынша ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі бойынша ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына info@iacoos.kz электронды мекен-жайы бойынша жолдауыңыз қажет.
Сонымен қатар, Кодекстің 22-бабының 12-тармағына сәйкес ұсынылған ақпараттың толықтығы мен сапасына оператор жауапты екендігін назарыңызға саламыз.