ЖАБЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В., ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ» ашық жиналыс түрінде 2024 жылға қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға (Ластаушы зат шығарындылардың нормативтік жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарының жобасы) қоғамдық тыңдаулар Хаттамасы.

ЖАБЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В., ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ» Экологиялық кодексінің 96 бабына сәйкес 08.11.2023 ж. 10 сағ. 00 мин. Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі, Үлкен Шаған ауылы Абай көшесі № 19, Мәдениет үйінде ашық жиналыс түрінде 2024 жылға қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға (Ластаушы зат шығарындылардың нормативтік жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарының жобасы) өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ tabigat_zko@mail.ru поштасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және «Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 160/1, 400-ші кабинет және +7 777 7543231 телефондары бойынша алуға болады.

 

Көзделіп отырған қызмет бастамашысының деректемелері мен байланыс деректері:

ЖАҚ «Карашығанак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Казақстан филиалы;

Мекен-жайы: 090300 Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,  Ақсай қаласы, Өндірістік аймақ, 81H-құрылым;     

БСН: 981141001567;

Электрондық пошта: kpo@kpo.kz

Байланыс телефоны: +77113362262

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректері:

"Caspian Engineering & Research" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш/а, 38 ғимарат, Байланыс телефоны: +77292200501, Электрондық пошта: General.O@nipicer.kz;

 

"ЭКО-Астана HP" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі,14/1 , 10-кеңсе. Байланыс телефоны: +77172266117, факс: +77172266118; БСН 060940002386, Электрондық пошта: manager@ecoastana.kz;м

 

материалы по общественному слушанию

фото материалы по общественному слушания

протокол по общественному слушанию

видео по общественному слушанию

ЖАБЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В., ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ» ашық жиналыс түрінде 2024 жылға қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға (Ластаушы зат шығарындылардың нормативтік жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарының жобасы) қоғамдық тыңдаулар Хаттамасы.
Дата публикации
05 октября 2023