«SRPM Resources Ltd.» ЖК-сы Шалқар кен орнында 17.02.2022 ж. №1620-EL және 06.09.2022 ж. №1833-EL лицензиялары бойынша барлау жұмыстарын жүргізу үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініші бойынша ашық жиналыс негізінде қоғамдық тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдау Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шалқар а.о., Сарыөмір ауылы, Мәдениет үйінде 2023 жылдың 3 шілдесінде сағ. 16:00 өткізіледі.
Нысанның операторы: «SRPM Resources Ltd.» ЖК-сы, Астана қ., Достық көшесі, 16 үйі, эл. пошта: l.kassymanova@srpmr.com.
Жобаны әзірлеуші: «Техбұлақ» ЖШС-гі, Орал қ., Сарайшық көшесі, 44/3 үйі, эл. пошта: tekhbulak@mail.ru.
Өтінішке қосымша материалдардың электронды нұсқасы https://ecoportal.kz Біріңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында орналастырылған.
Қосымша ақпаратты келесі контактілер арқылы алуға болады: 87015599919, a.algambarova@srpmr.kz, a.kulesh@srpmr.kz.
Жұртшылық өз ескертпелері мен ұсыныстарын Бірыңғай экологиялық порталға мен Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілінің эл. поштасына жібере алады: zh.koishekenova@bko.gov.kz.
материалы по общественному слушанию
фото по общественному слушанию