«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, 02.02.2023 жылы сағат 12.00-де БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 7 (әкімдік ғимараты) мекенжайында «БҚО Бөкей ордасы ауданындағы «Барбастау-Ақжайық-Индер» автожолының 93-145 км күрделі жөндеу» жобасы бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен www.ecoportal.kz бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher-paidalanuy?lang=ru танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ tabigat_zko@mail.ru.қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО сайтында ұсынылатын болады.
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, БСН 000340000426, БҚО, Орал қ., Х. Чурин к-сі, 116, тел.: 8 (7112) 51-91-64.
РҚБ әзірлеушісі: «АТМОСФЕРА» ЖК, ЖСН 910511451178, БҚО, Орал қ., Имашев к-сі 10, тел.: 8 (705) 802-02-99
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: БҚО, Орал қ., Х. Чурин к-сі, 116 және тел.: 8 (7112) 51-91-64.
материалы по общественному слушанию