2022 жылға қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға өтінім материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігі хабарланады.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., Қазақстандық филиалы» Экологиялық кодексінің 96 бабына сәйкес 09.12.2021ж. 10 сағ 00 мин. БҚО, Бөрлі ауданы, Приурал а.о., Приуральное ауылының Мәдиниет үйінде ашық жиналыс түрінде 2022 жылға қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ tabigat_zko@mail.ru поштасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және «Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай Орал қ., Құрманғазы 160/1, 416 кабинет және 87113362410, 87777970168 телефондары бойынша алуға болады.

 

материалы по общественным слушаниям

фото по объявлению

2022 жылға қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға өтінім материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігі хабарланады.
Дата публикации
03 ноября 2021