«Жайықмұнай» ЖШС, ҚР Экологиялық кодексінің 57-2 бабына сәйкес 2021 жылғы 26 караша сағат 11: 00де Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Январцево ауылы, Январцево ЖОББМ, Школьная көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Жайықмұнай» ЖШС үшін 2022-2023 жылдарға арналған қоршаған ортаға ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары нормативтерінің жобасы» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен www.ecoportal.kz Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында ұсынылады.
Қосымша ақпаратты Орал қаласы, А.Карев көшесі, 43/1 мекенжайы және 8 (7112) 93 39 00 (қосымша 6195) телефондары бойынша алуға болады.