«Жайықмұнай» ЖШС үшін 2022-2023 жылдарға арналған қоршаған ортаға ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары нормативтерінің жобасы» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы хабарлама

«Жайықмұнай» ЖШС, ҚР Экологиялық кодексінің 57-2 бабына сәйкес 2021 жылғы 29 караша  сағат 10:00де Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Белес ауылы, Белес ауыл клубы, Маметова көшесі, 1 мекенжайы бойынша «Жайықмұнай» ЖШС үшін 2022-2023 жылдарға арналған қоршаған ортаға ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары нормативтерінің жобасы» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен www.ecoportal.kz Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Орал қаласы, А.Карев көшесі, 43/1 мекенжайы және  8 (7112) 93 39 00 (қосымша 6195) телефондары бойынша алуға болады.

материалы по общественным слушаниям (сохранить)

фото объявления (сохранить)

 

«Жайықмұнай» ЖШС үшін 2022-2023 жылдарға арналған қоршаған ортаға ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары нормативтерінің жобасы» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы хабарлама
Дата публикации
26 октября 2021