Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бықылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде келесіні хабарлайды.
Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан қарауға қабылданған белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке барлық ескертпе мен ұсынысты ескертпелер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі түрінде ресімделетін хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) енгізеді, сондай-ақ сол мерзім ішінде мұндай хаттаманы ресми интернет-ресурста орналастырады және оның көшірмесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хаттамалардың көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады.
Осыған байланысты, Комитет «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС –нің көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша Хаттамасын ресми интернет-ресурстарда орналастыру үшін жолдайды.