орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге
байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге
ауыстыру туралы қоғамдық тыңдауларды өткізу
«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығының 2 бабының 7-тармағына сәйкес 2021 жылғы 5 қараша күні сағат 11.00-де, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылы, Мичурин көшесі, 5/1 мекен жайы бойынша «БҚО Орал қаласындағы 54-ГТС-тан жаңа шағын аудандарға дейін жылу тораптары үшін 54-ГТС-ке сіңіру торабына суды химиялық дайындау (қайта қарау)» нысаны бойынша орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.
Құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында: http://ecoportal.kz, сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында: http://ecoportal.kz, сондай-ақ depenerg-zko@bko.gov.kz электронды мекен-жайында, тел. 8(7112)-50-78-16 қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда: http://ecoportal.kz және Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында ұсынылады.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 және 8(7112)-50-78-16, 50-79-20 телефондары бойынша