ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті табиғат пайдаланушылар!
Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 18 наурыздағы № 8 қаулысының азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 20 наурыздан бастап күшіне енуіне байланысты, тоқсан сайын ұсынатын экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есептерін Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының zko_forest@bko.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңыз сұралады.
Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қашықтық режимге көшуіне байланысты, сұрақтарыңыз болса, телефон 8 (7112) 24-09-76, 24-09-68 арқылы хабарласыңыздар.
Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы