Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!
Құрметті табиғат пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШМҚ РМК Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 152-бабының 2-тармағына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде іске асырылған «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының» мемлекетті кадастры oos.ecogeo.gov.kz. интернет ресурсы арқылы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 154-бабы мен 1-бабының 71-тармағына сәйкес барлық табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін жыл сайын қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептерді ұсыну сұралады.