Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды
Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру конкурсына Қазақстан Республикасының барлық жеке және заңды тұлғалары қатысуға құқылы.
Конкурсқа келесі жергілікті маңызға ие су айдындары және (немесе) учаскелері шығарылады:
|
№ |
Су айдындары және (немесе) учаскелерінің атауы |
Ауданы |
Орналасқан жері |
*Балық шаруашылығын жүргізу мақсаты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Бәйтерек ауданы |
||||
|
1 |
Пеньковский тоғаны |
12,6 га |
Зеленое ауылы маңында |
көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы |
|
2 |
Татарская жырасындағы тоған |
33 га |
Зеленое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км |
көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы |
|
Казталов ауданы |
||||
|
3 |
Рыбный Сакрыл көлі |
2300 га |
Жалпақтал ауылынан оңтүстік–батысқа қарай 10,2 км |
кәсіпшілік балық аулау |
|
Теректі ауданы |
||||
|
4 |
Жаманбөрлі жырасындағы су қоймасы |
32 га |
Федоровка және Долинное ауылдарының арасында |
көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы |
Конкурстық құжаттаманы жинау үшін қажетті тізімді 2020 жылдың 21 желтоқсанға дейін, сағат 9.00-дан 18.00-аралығында (түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-30 дейін) Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан алуға болады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2020 жылдың 22 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2020 жылы 24 желтоқсанда Орал қаласы Н. Назарбаев даңғылы, 179 мекен-жайы бойынша ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефон арқылы алуға болады: 8 7112 240969, 87112 240979 және www.priroda-bko.kz сайтында жарияланған.