
Орман шаруашылығы.
11.01.2023 жылға мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы - 216 815 га, оның ішінде алдын ала деректер бойынша орманмен қамтылған алаң 87831 га, Облыстың ормандылығы 0,6% - ды құрайды.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау үшін кешенді жоспарға сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуға қатысты 5 жыл ішінде облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 15096 га алқапқа орман дақылдарын отырғызу және 6851 га алқапқа орман дақылдарын толықтыру жоспарланған және бұл ретте 56,57 млн. дана ағаш отырғызылатын болады (2021ж-3,47 млн.дана; 2022ж-8,1 млн. дана; 2023ж-11,8 млн. дана; 2024ж-14,96 млн. дана; 2025ж-18,2 млн. дана).
Бүгінгі күні облыстың орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мемлекеттік орман қоры аумағында 3220 га алаңға орман дақылдарын отырғызу, 1184 га алаңға орман дақылдарын толықтыру жүргізілді, бұл ретте 11,832 млн.дана әртүрлі ағаш-бұта тұқымдас көшеттер отырғызылды.
Ағымдағы жылы өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін болдырмау мақсатында мынадай өртке қарсы профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі:
- минералданған жолақтарды орнату және олардың артынан 12543 км ұзындықта, 12543 км орындалды;
- 5,2 км ұзақтықта өртке қарсы мәнді жөндеу және ұстау, 5,2 км орындалды;
-68,1 км ұзақтықта орам соқпақтарын кесу, 68,1 км орындалды.
425 дана аншлагтар мен билбордтар жасалып, орнатылды. Жерлері мемлекеттік орман қоры аумағымен шектесетін жер пайдаланушыларға 279 нұсқама берілді. 3943 парақшалар дайындалып таратылды;
Ағымдағы жылдың басынан бері 1670 рейдтік іс-шара өткізілді, нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 270 хаттама жасалды. Бұл ретте 4823,1 мың теңге салынды және 4452,22 мың теңге сомасына айыппұл өндірілді. Залал 5257,1 мың теңге салынды және 1121,9 мың теңге сомасында өндіріп алынды.
Жалпы ауданы 5,8 млн га болатын 63 аңшылық алқаптар паспортталды, оның ішінде жалпы ауданы 3,6 млн га болатын 37 аңшылық шаруашылығы аңшылық пайдаланушыларға бекітілді.