
ҰЛЫ ДАЛАҒА ҰЛТЖАНДЫ ҰРПАҚ КЕРЕК
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісін, нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мақала ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуға, ғылым мен білімге ұмтылуға үндейді. Сондай-ақ мақалада тәуелсіздігімізді одан әрі тұғырлы ету мәселелері, өркениетті елдердің қатарынан лайықты орын алып, кемел келешекке қадам басудың бағыт-бағдары, жоспары көрініс тапқан.
Саяси құжатта сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарымыздың жаһандық сұраныспен үйлесім табуы, егемен елдің кемел келешегін қалыптастырудағы мақсат- мүдделер тоғысқан өзекті мәселелер көтерілген. Елбасы өз еңбегінде жаңғырудың негізгі қызметін атап өтті. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық- рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деген болатын. Мемлекет басшысы: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», - деді. Елбасының мұндағы меңзеп отырғаны ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өркениет көшінен қалмау, даму, ілгерлеу, тек қана алға ұмтылу. Бұл ретте ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Ұлттық кодымызды сақтау үшін біз өзіміздің мәдени, тарихи, рухани құндылықтарымызды дамыта отырып, әлемнің озық жетістіктері мен жақсы қасиеттерін бойымызға сіңіруіміз қажет. Бұл – рухани жаңғырудың басты шарты болып табылатыны айқын.
Сонымен қатар мақаладағы аса назар аударылған мәселе – бәсекеге қабілетті мемлекет. Әрине, мемлекетті білім саласында биікке көтеріп, болашағын айқындайтын – бүгінгі жастар. Ал, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру үшін алдымен білім саласының дамуы маңызды. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жете алады. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген ел Президенті әрбір Қазақстан азаматы ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін айтады. Бүгінгі күні компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына қажетті алғышарттардың санатында. Осы орайда Елбасы «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптары- на даярлаудың қамы деп біледі.
Бүгінде қарудың сесі емес, білімнің десі басатын заман. Сондықтан да білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең, білімі терең, ойы ұшқыр адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Мен, білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаз ретінде осы бір сүбелі ой, кестелі сөздерді жан-тәніммен қуаттаймын. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің маңызы зор екені анық. Елбасы өзінің ой-толғауында жастарымызды білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағыттап отыр. «Біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенінәркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деуінде терең мағына, парасатты пікір жатыр.
Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы тың ой, нақты шешім елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Латын әліпбиінің жазу үлгісі қазақ қоғамында 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғандығы мәлім. Егер біз істің түбегейлі жағына үңілсек, Елбасымыздың көтеріп отырған мәселесі — тіл тазалығы. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отансүйгіштік пен елжандылық тәрбиесінің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Халқымыз жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне, дамудың даңғыл жолына еркін араласа алады. Бұл бағытта атқарылар жұмыстар жетерлік: арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің өзіндік стандартын дайындау жоспарлы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылмақ. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеті Тәуелсіз ел атанып, төрткүл дүниеге іргелі де еңселі істерімен танылып келе жатқаны біз үшін зор бақыт. Міне, осынау қасиетті де қастерлі құндылығымызға бекем болып, тәуелсіздігімізді баян- ды ету жолында саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатындай қуатты мемлекет болудың бірден-бір шарты рухани жаңғыру екенін Мемлекет басшысы ел-жұртқа саралай жеткізді.
Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Рухани жаңғыру бүгін бастау алған мәселе емес. Әрбір қазақ жасы қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты, табысты болудың кілті – білімде екенін түйсінуі керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Ел- басымыз мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқытты. Елбасымыздың «Ең бастысы жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», - дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.
Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осында болмақ. Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа ба- стайтын даңғыл жол болатынына кәміл сенеміз. Осы бағдарлама аясында жер- жерде түрлі игі шаралардың өтіп жатқанын естіп қуанудамыз. Болашақта келер ұрпақ «Елім маған не істейді емес, мен еліме не істей аламын» деген Дж.Кеннедидің ұлағатты сөзін ұран етіп, барлық күш- жігерін өз еліне, Отанына арнаса алынбайтын асу бол- мас дер едім. Елбасының ұсынған әрбір бағдарламасын еліміздің рухани дамуы жолындағы ізденістер мен асқақ армандарға толы нақты істерге негізделген жоспар деп қабылдаймын
Ж.ҚОШАНОВА, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының жетекшісі