«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
р/с № |
Құрылым-дық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығы |
||||
|
1. |
1-тармақ |
1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уəкiлеттi органның келісумен, республикалық телеарнада тікелей қосылым жəне өңірлермен бейнеконференц байланысын ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етсін. |
1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етсін. |
Өзгерістерді енгізу қажеттігі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы №19-01-7.3 хаттамалық тапсырмасының азаматтарды барынша қамтуды, халықтың сұраныстарына ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді жұмысты және кері байланысты жолға қоюды қамтамасыз етуді ескере отырып, халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу туралы 3.4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мемлекеттік биліктің халықпен тікелей байланысын жақсарту, халықтың мұң-мұқтажы туралы ақпаратты алу, істердің нақты жағдайымен танысу бойынша шаралар қабылдау қажет. |
|
2. |
2-тармақ |
2. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, оны әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етсін.
|
2. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсан ішінде уақыттың 50 %-дан астамы өңірдегі міндеттер мен проблемалық мәселелерге арналады деп белгілей отырып, халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етсін. Есеп беру кездесуі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференцбайланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастырыла отырып өткізіледі. Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі. Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті Қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдау өткізілсін, олардың барысында әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етеді. |
Өзгерістерді енгізу қажеттігі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы №19-01-7.3 хаттамалық тапсырмасының азаматтарды барынша қамтуды, халықтың сұраныстарына ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді жұмысты және кері байланысты жолға қоюды қамтамасыз етуді ескере отырып, халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу туралы 3.4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
|
|
3. |
5-тармақтың 1) тармақшасы |
5. Орталық жəне жергілікті атқарушы органдар: 1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық жəне өңірлік бұқаралық ақпарат баспа құралдарында, ресми интернет-ресурстарда жəне «электрондық үкіметтің» веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін жəне алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тəсілдері туралы ақпаратты жарияласын; |
5. Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық жəне өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда жəне «электрондық үкіметтің» веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың және әкімдіктердің әлеуметтік желілерінде, министрлер мен әкімдердің жеке аккаунттарында (Instagram, Facebook, Twitter және басқалары) есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін және алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын; |
Өзгерістерді енгізу қажеттігі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы №19-01-7.3 хаттамалық тапсырмасының азаматтарды барынша қамтуды, халықтың сұраныстарына ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді жұмысты және кері байланысты жолға қоюды қамтамасыз етуді ескере отырып, халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу туралы 3.4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Халықтың басым көпшілігін тарту арқылы кездесулер өткізуде формалдылықты жою қажет. Қазіргі уақытта ақпаратты жеткізуде сұранысқа ие тәсілдердің бірі әлеуметтік желілер болып табылады. |
|
4. |
6-тармақ
|
6. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары есеп беру кездесулері аяқталған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей, орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында есептерді және есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің тізбесін, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, орналастыруды қамтамасыз етсін. |
6. Есеп беру кездесулері және азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді және оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелер тізбесін: орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында; аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында және бар болған жағдайда әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін. |
Өзгерістерді енгізу қажеттігі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы №19-01-7.3 хаттамалық тапсырмасының азаматтарды барынша қамтуды, халықтың сұраныстарына ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді жұмысты және кері байланысты жолға қоюды қамтамасыз етуді ескере отырып, халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу туралы 3.4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мемлекеттік биліктің жағымды оң имиджін қалыптастыру мақсатында проблемалық мәселелерді шешу бойынша әзірленген ұсыныстар туралы халықты хабардар ету қажет. |
|
5. |
7-тармақ |
7. Есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай орталық және жергілікті атқарушы органның ресми сайтында орналастырылсын |
7. Есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің шешілу барысы (проблемалық мәселелер, орындалу барысы) туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудандар әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдіктері аппараттарының интернет-ресурстарында орналастырылсын. Қаладағы аудандар әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдері аппараттарының интернет-ресурсы болмаған жағдайда проблемалық мәселерді шешу барысы туралы ақпарат жергілікті баспа басылымдарында жариялансын. |
Өзгерістерді енгізу қажеттігі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы №19-01-7.3 хаттамалық тапсырмасының азаматтарды барынша қамтуды, халықтың сұраныстарына ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді жұмысты және кері байланысты жолға қоюды қамтамасыз етуді ескере отырып, халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу туралы 3.4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мемлекеттік билік қызметінің қорытындысын көрсету мақсатында есеп беру кездесулерінің қорытындысы туралы ақпаратты халықтың назарына жеткізу қажет. |
|
6. |
12-тармақтың 4) тармақшасы |
12. Қазақстан Республикасының Үкіметі: ... 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын; |
Алып тасталсын |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қолданыстағы тәжірибе негізінен өкілдік функцияларды орындайтын министрліктер мен ұлттық компаниялар басшыларының есеп беру кездесулерінде міндетті сөз сөйлеуді және белсенді қатысуды көздемейді. |
|
7. |
12-тармақтың 5) тармақшасы |
12. Қазақстан Республикасының Үкіметі: … 5) орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың ресми интернет-ресурстарында әкімдердің халықпен есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелердің қатарынан өз құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін орналастыруын; |
12. Қазақстан Республикасының Үкіметі: ... 5) орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың ресми интернет-ресурстарында әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелердің қатарынан өз құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін тоқсан сайын өзектендіре отырып орналастыруын; |
Өзгерістерді енгізу қажеттігі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 наурыздағы №19-01-7.3 хаттамалық тапсырмасының азаматтарды барынша қамтуды, халықтың сұраныстарына ден қоюдың ашықтығы мен жеделдігін, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді жұмысты және кері байланысты жолға қоюды қамтамасыз етуді ескере отырып, халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу туралы 3.4-тармағын орындауға негізделді. Проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы халықты тұрақты түрде хабардар ету қажет. |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов