Меню

Страницы

Статья

Президенті Жарлығының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан

Республикасының Президенті

Қ.К. Тоқаевқа

 

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

Президенті Жарлығының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы) мемлекеттік биліктің халықпен тікелей байланысын жақсартуға, халықтың мұң-мұқтажы туралы ақпарат алуға, істердің нақты жағдайымен танысуға бағытталған.

Жарлық жобасында орталық атқарушы органдар басшыларының, барлық деңгейдегі әкімдердің: әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляциялау, министрлердің және әкімдердің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында алдағы есептерге халықтың есептік кездесулер өткізу кестелерін жариялау (Instagram, Facebook, Twitter және т.б.) арқылы әлеуметтік желілерді кеңінен пайдалануды енгізу жолымен халықпен өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу көзделген.

Бұдан басқа Жарлық жобасы мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті Қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдауды көздейді, сонымен қатар Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатыспауы көзделген.

Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Баяндалғанның негізінде Жарлық жобасы Сіздің қарауыңызға
енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

Дата публикации
13 февраля 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ - 2026
16 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізімі, орналасқан жерлері және шекаралары
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы