Меню

Страницы

Статья

Мұқтаж көрсең жебей жүр

Мұқтаж көрсең жебей жүр

Аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектепте аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен жүрегі мейірімге толы, жаны жайсаң, пейілі кең, жомарт жандарға арналған «Жүрек жылуы» атты қамқоршылық фестивалі оздырылды. Фестиваль Айсель Қанғалиеваның «Жетімнің монологын» мәнерлеп оқуымен ашылды. Одан кейін сөз алған аудандық білім беру бөлімінің әдіскері  Әлфия Шайхисламова мен Т.Жароков атындағы мектептің директоры  Сержан Қошанов жиналған қауымға ризашылықтарын білдіріп, ауданымыздағы қамқорлықты қажет ететін жандарға қолдан келген көмегін аямай жүрген бір топ азаматтар мен азаматшаларға алғысхаттар табыстады. Кеш мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Айшат Хамзина «Перзент парызы», Гүлім Биғали мен Қарлығаш Каримолла «Мама», Жанерке Өтегенова мен Гүлназ Қоңырованың орындауында «Ерке сылқым» күйі, Аружан Сейтқалиева күйсандықта «Поппури», Е.Ниетқалиев атындағы мектеп оқушысы Азамат Шатиков «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін оқыса, «Ақмаржан» би ансамблі «Бозінген», Айжан Жұмағалиева және сыныптастары мың бұрала билеп, бір топ мектеп оқушыларынан құралған «Жас өркен» тобы «Аспаптар» әнін шырқап, көрерменнің қошеметіне бөленді.                                                             

Г.ҚАБДОЛОВА

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
11 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ - 2026
16 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізімі, орналасқан жерлері және шекаралары
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы