Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2020 жылдың 13 ақпандағы Жәнібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жүргізілген профилактикалық бақылау актісінде келесідей бұзушылықтар анықталып, бұзушылықтарды жою бағытында шаралар алынды:
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету бойынша:
Бөлімнің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар (Р.И. Тастенова, Ж.Қ. Серік, А.А. Жармұханова) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілік арттыру курстарына қатыспағандығы көрсетілген, дегенмен жауапты мамандар келесідей оқу-семинарына қатысып, біліктілігін арттырды.
Бөлімнің бас маманы А.Жармуханова әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру жоспарына сай 2018 жылдың 12-13 қарашада Астана қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жауапты мамандарға өткізілген оқу-семинарына қатысып, біліктілігін арттырды.
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету», «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» қызметттеріне жауапты маман Ж.Серік «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аталған қызметтерді енгізетін болғандықтан 2019 жылдың 13-21 ақпан аралығында Астана қаласында «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша ұйымдастырылған оқуға және 2019 жылдың 25 қаңтар күні «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жаңартылған нұсқасымен жұмысты танысу үшін Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқуға қатысып, біліктілігін арттырып келді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты маман Р. Тастенова «Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу» бойынша 2019 жылдың 5 қараша күні Нұр–Сұлтан қаласында өткен оқу-семинарына қатысып келді. Аталған порталда мүгедектерге алынып берілетін техникалық құралдар бойынша түсіндірілді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша 2019 жылдың 752 өтінішінде, 2020 жылдың 72 өтінішінде «Қазпошта» АҚ филиалында есепшоты бар екендігін растайтын анықтама бар екені анықтаған.
Аталған қызметті көрсетуде арнайы комиссия өмірлік қиын жағдай туындаған азаматтардың өтінішін қанағаттандырған жағдайда еркін нысанда жазған өтініштеріне жазылған есепшоттарын қате жазу немесе өзінің емес, отбасы мүшелерінің бірінің есепшоттарын жазу фактілері болды. Сол себепті, өтініш берушілер аударылған төлемдер қате немесе басқа шотқа түсу жағдайларын болдырмау мақсатында ұсынған.
Жалпы аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметке ұсынылатын құжаттар қатарына жеке есепшоттарының көшірмесін қосу қажет етеді деп есептептеп, стандартына өзгеріс енгізуге ұсыныс жасалды.
Аталған факті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуг жауапты маман Ж.Қ.Серікке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартқа сай көрсетілуі, соның ішінде құжаттар қабылдауда артық құжат талап етпеу туралы бөлім қызметкерлері арасында әр қызмет бойынша құқықтық оқу өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілерін болдырмау үшін және олардың алдын алуға арналған кешенді шараларды қолға алу мақсатында және айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілерін болдырмау бағытында ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Мемлекеттік корпорацияның БҚО бойынша филиалының Жәнібек аудандық бөлімінің қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары өткізілді.