Меню

Страницы

Статья

Дербес менеджер мемлекеттік қызметтерді оңтайлы етеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді тез әрі оңай алуға болатын бірнеше  сервисті ұсынады

Дербес менеджер мемлекеттік қызметтерді оңтайлы етеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді тез әрі оңай алуға болатын бірнеше  сервисті ұсынады. Соның бірі - «Дербес менеджер» сервисі. 
«Дербес менеджер» - мемлекеттік корпорацияның қызмет алушыға жеке қызмет көрсететін маманы. 
Біраз уақытты талап ететін және қызмет алушының өзі қатысуы тиіс сұранысқа ие бірқатар мемлекеттік қызметтер бар. Мысалы: «Жылжымайтын мүлік нысаны мен кепіл шартын тіркеу», «Меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісін беру және техникалық паспортын дайындау» немесе «Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру (жер актісі)» және т.б.
«Бізбен келісімшартқа отыру арқылы клиент мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету бөліміне келмей-ақ ала алады. Біздің маман клиенттің үйіне немесе кеңсесіне барып, қажетті құжаттарын дайындап береді. «Дербес менеджер» ХҚО-ның жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін сервис саналады»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.  
Бұл қызмет жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді. Күрделілігіне байланысты қызметтердің арнайы құны бекітілген. Қосымша ақпарат алу үшін ХҚО-ның кез келген бөлімінде жұмыс жасайтын дербес менеджерлерге жолығу қажет.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша «Дербес менеджер» қызметін пайдалану үшін 400-дей адам жүгінген. 

Дата публикации
30 июля 2021
Дата обновления
30 июля 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ - 2026
16 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізімі, орналасқан жерлері және шекаралары
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы