Меню

Страницы

Статья

Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу

Ескерсең – қорғаласың

Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену- жер заңнамасы саласындағы бұзушылықтар түрлерінің бірі. (ҚР Жер кодексінің 12-бабының 27-тармағы)

Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. (ҚР Жер кодексінің 43-бабының, 10-тармағы)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу),   мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға,  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

«Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ, Орал қ. Сарайшық көш. 47  тел: 307021

Дата публикации
31 декабря 2020
Дата обновления
31 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ - 2026
16 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізімі, орналасқан жерлері және шекаралары
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы