ХАБАР
2020 жылғы 9 желтоқсанда өткізілген Талов ауылдық округі әкімінің сайлауына аудандық мәслихаттың 11 депутатынан 10 депутат-таңдаушы қатынасты.
Кандидаттарға берілген дауыстар төмендегіше болды.
Еркегулов Мерлан Талгатович – 1 таңдаушының дауысына ие болған.
Кыдыргалиев Нурдаулет Аянович – 9 таңдаушының дауысына ие болған.
Шарипов Назар Амангельдиевич – таңдаушылардың дауысына ие болған жоқ.
Жоғарыдағы негізінде дауыстарды санау нәтижелері бойынша ең көп дауыс алуына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кыдыргалиев Нурдаулет Аянович Талов ауылдық округінің сайланған әкімі болып саналсын деген шешім қабылдады.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
2020 жылғы 9 желтоқсанда өткізілген Талов ауылдық округі әкімі сайлауында сайланған әкім туралы хабар
Кыдыргалиев Нурдаулет Аянович, 22.01.1991 жылы туылған, ұлты қазақ, Талов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Талов ауылының тұрғыны.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы