2020 жылғы 9 желтоқсанға тағайындалған Талов ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауында әкімдікке кандидат болып тіркелгендер туралы хабар.
- Еркегулов Мерлан Талғатұлы - 1991 жылы 15 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Тау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты-қазақ. 2012 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылдан бастап Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы қызметін атқаруда. Жанұялы, отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
- Қыдырғалиев Нұрдәулет Аянұлы - 1991 жылы 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылдан бастап Жәнібек ауданы, Талов ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді. Жанұялы, отбасында бір ұл тәрбиелеп отыр.
- Шарипов Назар Амангелдіұлы - 1991 жылы 21 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Экономика-құқық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылдың қазан айынан бастап Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы жұмыс бөлімінің бас маман заңгері қызметін атқарып келеді. Жанұялы, отбасында бір қыз тәрбиелеп отыр.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы