Баспасөз аңдатпасы
БЖЗҚ-дағы ашық есік күні
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 27 қараша күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Әрбір адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.
Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» деп аталады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. «Ашық есік күніне» қатысушылар шеберлік сабағы форматында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білетін болады. Қор мамандары оларға болашақ зейнетақыларын есептеуге көмектесіп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жылдам әдістерін көрсетеді.
Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру де осы іс-шараның мақсаты болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат11.00. және 15.00 сағатта өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5250f2eb215effc20b4b770a189536ec ойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 471 5792 және event-мәжіліс паролін TApKJp енгізіңіз
Біз сіздерді күтеміз!