Меню

Страницы

Статья

Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

  1. Мамандарға көтерме жәрдемақы мен үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мемлекеттік қызмет болып табылады. Осы қызмет түрін аудандық экономика және қаржы бөлімі көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет бойынша қорытындыларды беру экономика және қаржы бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Осы жылдың 11 айында 82 маманға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 49-ына әлеуметтік қолдау шаралары жасалды.

Жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы республикалық бюджеттен 64338,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 6035,0 мың теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 64388,0 мың теңге қаражат 20 маманға тұрғын үй сатып алу үшін, 1 маманға тұрғын үй салу үшін жұмсалса, жергілікті бюджеттен бөлінген 6035,0 мың теңге 29 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы алу үшін шығындалды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары білікті мамандарын ауылға тарту. 

Жобаны жүзеге асырудың нәтижесі - халыққа сапалы қызмет көрсету үшін ауылда мамандарды тұрақтандыру.

Сонымен қатар, экономика және қаржы бөлімі тұрғын үй салуға және сатып алуға бюджеттік кредит алушылардың ай сайынғы төлемдерін уақтылы жүргізуіне бақылау жасап, өз тарапынан біркелкі жұмыстар атқарды. Яғни, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалының ай сайынғы ұсынатын есебі негізінде мерзімі өткен берешектері бар қарыз алушыларға жазбаша түрде ескерту ретінде хабарламалар жіберіледі. Қарыз алушылар жұмыс атқаратын мекеме басшыларымен де тығыз байланысып, оларға да бірігіп жұмыс жасау жөнінде ресми хаттар жолданады. Қарыз алушылармен телефон арқылы да хабарласып, әңгімелер жүргізіледі.

Осындай жүргізілген жұмыстардан нәтиже болмаған уақытта, қарыз алушылардың мерзімі өткен берешектері, бұл өз кезегінде бюджет қаражаты  сотқа жүгіну арқылы қайтартылады. Мәселен, 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алғаннан соң үш жыл мерзім толмай өз еркімен жұмыстан шыққан және мерзімі өткен берешектері бар 13 (он үш) маманға қатысты 1641709 теңгеге талап арыздар беріліп, 752227 теңге бюджет қаражаты қайтарылды.

 

 

  1. Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша

 

2019 жылдың қантар айында Жәнібек ауданының аумағын 2016-2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламасын орындау барысында 2018 жылдың есеп қорытындысы жасалынды.

Нәтижесінде 2018 жылы жоспарланған 54 нысаналы индикатордың 43 индикатор толықтай орындалды.

           Қол жетпеген 11 нысаналы индикатор белгіленді:

Агроөнеркәсіп кешені

1)"Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі" жоспарланғаннан 94,5% жетті. 2018 жылы өнеркәсіптік өнімнің  көлемі ақшалай көрсеткіште 492,8 млн.тенге құрады, бұл 2017 жылғы есепті кезенімен салыстырғанда 95,7 % құрайды (2017 жылы - 537,7 млн.тенге).

Көрсеткіштін төмендеу себебі «Биби» жеке кәсіпкерінің қызмет түрінің өзгеруіне байланысты, темір бетонды өнімдер өндірісіе тоқтатуымен байланысты.

2) "Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі" ақшалай көрсеткіште 537,7млн теңге жоспардың орнына 492,8млн теңге орындалды.

3) "Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты индексі" жоспарланған көрсеткіштен 98,8 пайызға орындалды. Алайда, былтырғы жылмен салыстырғанда индекс 0,5-ке өсті. 2018 жылғы нысаналы индикатордың көрсеткіші артық жоспарланған.

4) "Тұқымды өзгерістерге қатысатын ұсақ қара мүйізді мал үлесі" жоспарланғаннан 82,8% жетті. 2018 жылы ҰҚМ саны 42394, соның ішінде тұқымды өзгерістерге қатысатын саны 9585 бас аналық қой.

Төмендеу себебі, шаруа қожалықтарының ұсақ қара мүйізді малдың  тұқымды өзгерістеріне төменгі деңшейде қатынасуы.

Шағын және орта бизнес, сауда

         5) «Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі». Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі 96,7 пайызды құрайды. Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің саны 888, соның шінде әрекет ететіні 805.   

       Көрсеткіштің төмендеуі ауылшаруашылық несие алар кезде міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуімен байланысты. Кейін олар әрекет етпейтін болып шығады. Қазіргі таңда кірістер органдарымен әрекет етпейтін шағын кәсіпкерлер субъектілерінің жою бойынша жұмыс жүргізілуде.

         6) «Бөлшек сауданың нақты көлем индексі». 2018 жылы бөлшек сауда 28,4% жоспарланған көрсеткіштен құрады немесе 1095,3 млн.тенге.

Жоспарланған көрсеткішке жетпеу себебі Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасының түсіндірмесі бойынша орталық деңгейде ақпараттық жүйеде жалпы тіркелген сауда субъектттер респонденттерінің кездейсоқ іріктемесі жүргізіледі, яғни 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2017 жыл  көрсеткішінен төмен болып отыр.

Ауданның бөлшек саудасы жоғарғы қарқынмен дамып келеді.Соңғы 2 жыл ішінде халыққа қызмет көрсету орындары көптеп ашылуда.Бұл әдістеме ауданның бөлшек сауда көлемін толық ашып көрсетпейді деп есептейміз.

7) "Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымын ұлғайту индексі" жоспарланған көрсеткіштен 57,9 пайызға орындалды. 01.01.2019ж халық саны 16136 адамды құраса, тауар айналымы 1095,3млн теңге құрап отыр. 

 Инвестициялар

8) «Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлемінің индексі» жоспарланған көрсеткіштен 84,5 пайызға орындалды.

Көрсеткішке жетпеу себебі 2017 жылы ұзындығы 20 шақырым Жәнібек-Ұзынкөл республикалық маңызы бар жолын күрделі жөндеу жұмыстарына 880 млн.тенге жұмсалды.

Денсаулық сақтау

9) " 100 мың тұрғынға қатерлі ісік ауруларынан өлімді төмендету"

2018 жылы қатерлі ісік ауруларынан 16 өлім оқиғасы орын алды-  (98,7). Нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ. Орындалмауы ауданның халық санынын азаюына байланысты.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

10) "Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған  қылмыстардың үлес салмағы"жоспарланған көрсеткішпен салыстырғанда 29,2 пайызға өсті. 2018 жылы 116 қылмыс тіркелсе, соның ішінде бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан 57 қылмыс.

         Инфрақұрылым

         11) «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» 61,92 пайызға орындалып, жоспарланған көрсеткішке 44,3 пайызға жеткен жоқ. Себебі 2018 жылы құрылыс жұмыстарынын азаюы.

 

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 61-НҚ бұйрығымен Аудандар және Орал қаласының аумақтарын дамыту бағдарламалары үшін жаңадан базалық көрсеткіштер тізбесі бекітілген.

Аталған бағдарламасында Жәнібек ауданының дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары 57 көрсеткіштен 31 көрсеткішке дейін қысқартылды.

Осыған орай жаңадан Жәнібек ауданының 2016-2020 жылдарға аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлардың көрсеткіштері жанадан жасақталып, көрсеткіштер облыстық басқармаларымен келісілгеннен соң, Жәнібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 желтоқсанында №37-2 шешімімен бекітілді.

Қазіргі таңда республика бойынша аумақтарды 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламалары әзірленуде.

 

  1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен және жұмсалған қаражат туралы

2019 жылдың басындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражат қалдығы 5213,2 мың.теңгені  құрады. 2019 жылдың 1 желтоқсанына  қолма қол ақшаны бақылау шоттарына 8536,0 мың. теңге көлемінде қосымша қаражат түсті, оның ішінде:

- 8286,4 мың. теңге жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер;

- 249,6 мың. теңге мүлікті жалға беруден түскен түсімдер;

      Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жұмсалған сома 9363,2 мың. теңге  құрады, соның ішінде Ұзынкөл а/о – 874,9 мың. теңге, Акоба а/о – 1375,9 мың. теңге, Күйгенкөл а/о – 1456,6 мың.  теңге, Тау а/о – 1416,1 мың. теңге, Қамысты а/о – 1015,5 мың. теңге, Борсы а/о – 1164,2 мың. теңге, Жаксыбай а/о – 1085,7 мың. теңге, Талов а/о – 974,3 қаражат жұмсалды.( көшелерін жарықтандыру;  балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру, саябақтарды жөндеу).

 

  1. Мүлікті жалға беруден түскен түсімдер

    2019 жылы аудандық коммуналдық меншіктегі 61 тұрғын үй қорынан мүліктік жалгерлік сомасы 11500,0 мың теңгеге жоспарланып, 12270,0 мың теңгеге орындалды, немесе 106,7 % аса орындалды.

2019 жылы аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерден мүліктік жалға беруден 399,5 мың теңге бюджетке түсті. Соның ішінде:

-  «Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі теңгеріміндегі Жәнібек ауылы, Иманов көшесі, 99 орналасқан ғимараттың артық пайдаланылмай тұрған екі бөлмесін жалпы 25,3 ш.м. жеке кәсіпкерге киім тігу ателье қызметін ұйымдастыруға берілді;

- «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі «№1 мектеп-лицей» 11,3 ш.м. жеке кәсіпкерге буфет ұйымдастыруға берілді;

- «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі «Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін мектебі» 25,0 ш.м. жеке кәсіпкерге буфет ұйымдастыруға берілді.

 

  1. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша

2019 жылы аудандық коммуналдық мүліктерді оңтайландыру мақсатында, экономикалық тұрғыда пайдалану тиімсіз аудандық коммуналдық мемлекеттік мүліктерді жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату арқылы жекешелендіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, коммуналдық меншіктегі 4 (төрт) автокөліктер аукцион арқылы сатылып, аудандық бюджетіне 3481,8 мың теңге көлемінде қаражат түсірілді.

 

  1. Сенімгерлік басқаруға беру бойынша
  2. 2019 жылдың қазан айында аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту және шағын кәсіпкерлік саласында бәсекелесті арттыру мақсатында, электрондық тендер арқылы аудандық коммуналдық меншіктегі жанар-жағар май кұю бекеті мен жанар-жағар май тасымалдайтын «Камаз 53229-15» автокөлігі 2 (жыл) мерзімге жеке кәсіпкерге шарттарымен берілді.

Сенімгерлікпен басқаруға беру шарттың ең бастысы жанар-жағар майдың бағасын белгілеген кезде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы жанар-жағар майдың орташа бағасынан 15 (оң бес) пайыздан артық асырмау болады.

  1. Сонымен қатар, экологиялық Кодекс талаптар сақтау және коммуналдық меншіктег мүлікті күтіп-ұстау мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айында Жәнібек ауылының оңтүстік бетінде орналасқан қалдықтар төгетін жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімге сенімгерлікпен басқаруға жеке кәсіпкерге электрондық тендер арқылы берілді. Беру шарттарының ішінде (қатты қалдықтар төгетін жер учаскесіне баратын жолды түзеу (қырып, тегістету, қыс мезгілінде қардан уақытылы тазалап отыру, ассенизация алаңдарын жасақтау, қатты қалдықтар төгетін орынға қатысты эмиссия және т.б төлемдерді уақытылы жүргізу, осыған қатысты есептіліктерді уақытында жүргізу) болып табылады.

 

  1. Бюджеттік үнемдеу жұмыстары

1)   Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы №23 қаулысының негізінде мемлекеттік органдардың техникалық қызмет көрсетуін және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін лауазымдардың 19,5 штат бірлігі қысқартылып, 7683,1 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді.

2)    Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы №31 қаулысына сай ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының автокөліктерін бензин қолданудан сұйылтылған газбен жүруге ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы ауданның мемлекеттік мекемелеріне жанар-жағар май сатып алуға 24 377,0 мың теңге қаражат қарастырылған болса,  осы қаржыға бензин сатып алған жағдайда (1 литрі 185 теңгеден есептегенде) 131,7 тонна жұмсалатын еді.

Ал егерде сол қызметтік автокөліктерді газбен жүруге жабдықтаған жағдайда (26 автокөлікке 26 тонна бензин сатып алу 4810,0 мың теңге және 26 автокөлікті қайта жабдықтауға 4640,0 мың теңге қоса алғанда) 165,9 текше метр газ жұмсалатын еді (1 текше метр газ 90 тенгеден есептегенде).

Немесе 2019 жылы 1713,1 мың теңге қаражат үнемделеді.

2020 жылы автокөліктерді газбен қайта жабдықтауға жұмсалатын қаражатын алып тастағанда 6353,1 мың теңге қаражат үнемделетін болады.

3)  2019 жылы "Жәнібек-Талов-Кіші өзен" автомобиль жолының 0-2 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген 74616,0 мың теңге қаржының, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнемделген сомасы 1833,5 тыс.тенге.

2019 жылы бюджеттік қаржының барлық үнемделуі  11299,7 мың теңгені құрайды.

 

  1. Иесіз мүліктер жөнінде

    2018 жылы аудан бойынша иесіз №54, №55,№58 жинақтық трансформаторлы қосалқы станциясынан тарайтын электр тасымалдау әуе желілерінің ұзындығы 0,44 км, 0,097км, 0,51 км болатын 0,4 кВ түгендеу жүргізіліп, иесіз мүлік ретінде танылып, оларды әділет органында тіркелген болатын. Қазіргі таңда сот шешімі бойынша иесіз мүліктерді аудандық коммуналдық меншікке қабылдап, әрі қарай 2019 жылы 22 сәуірде №15 бұйрығымен Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне берілді, құжаттары жасалуда. 2019 жылы 22 сәуірде №15 бұйрығымен иесіз қоғамдық құдықтарды Тау ауылдық округіне, Күйгенкөл ауылдық округіне, Ақоба ауылдық округіне, Борсы ауылдық округіне, Талов ауылдық округіне, Жаксыбай ауылдық округіне берілді, құжаттары жасалуда.

         

  1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті тапсыру бойынша

Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады және «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп ережесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген.

 Ауданның мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындалды.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау ережесін бекіту туралы »Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындады.

         Ауданның жергілікті уәкілетті органының шоғырландырылған қаржылық есебі жиырма екі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің (оның тоғызы - ауылдық округтердің) қаржылық есептілігі негізінде құрылады. Осыған орай  шоғырландырылған қаржылық есепке тоқтала кетсек:  

 «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бабы бойынша («Баланс» 1-нысанның 013,017,019,021,113 1-жолында) есеп беру кезеңінің басында аудан мемлекеттік мекемелерінен 8746,1 мың теңге сомасында дебиторлық берешек сомасы көрсетілді, есепті кезеңнің соңында қарыз 5051,1 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салстырғанда 3695,0 мың теңгеге азайды.

«Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бабына сәйкес («Баланс» 1-нысанның 113-жолы) «Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарыз 3309,0 мың теңгені құрады.

         Берешек мердігердің келісімшарттық міндеттемелерді орындамауы салдарынан пайда болды (сот шешімдері мемлекеттік мекемелер пайдасына шығарылды).

Баланста есепті кезеңнің соңындағы дебиторлық берешек сомасы бюджеттік есеп мәліметтеріне сәйкес келеді.

 «Тауарлы-материалдық қорлар» бабына сәйкес («Баланс» 1-нысанның 020-жолы): Есепті кезеңнің басында тауарлы-материалдық қорлардың баланстық құны 67012,5 мың теңгені құрады. Есепті кезеңде алынған - 211 283,4 мың теңге, оның ішінде бюджеттен қаржыландыруға 167859,9 мың теңге, өтеусіз алынған 40045,9 мың теңге, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаражаты есебінен 3377,6 мың теңге, есептен шығу 205799,7 мың теңге, оның ішінде 157924,2 мың теңге мемлекеттік мекемелердің қажеттіліктеріне жұмсалды, өтеусіз берілген 39716,9 мың теңге, қайырымдылыққа мүгедектерге арналған жаялықтар және басқа гигиеналық құралдар 5489,9 мың теңге жұмсалды, жергілікті басқару қаражаты есебінен ауылдық округтердің мұқтаждықтары үшін сатып алынған таурлар 2668, 7 мың теңге. Есепті кезеңнің аяғында қаржылық жағдай туралы есептік құны - 72 496,2 мың теңге, бұл баланс қалдығына сәйкес келеді.

           «Негізгі құралдар» бабы бойынша («Баланс» 1-нысанның 114-жолы):

Есепті кезеңнің басында баланстық құны бойынша негізгі құралдар 2888670,3 мың теңгені құрады. Есепті кезеңде бастапқы құны бойынша кіріс 1867843,2 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджеттен қаржыландыру арқылы 1189059,5 мың теңге, оның ішінде ғимараттар - 377978,7 мың теңге, құрылыстар - 478748,6 мың теңге, беріліс құрылғылар - 187361,0 мың теңге, машиналар мен жабдықтар - 46063,8 мың теңге, өндірістік және шаруашылық құралдар - 14373,6 мың теңге, басқа негізгі құралдар - 844533,8 мың теңге.

         2370 «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» қосалқы шоты бойынша жергілікті мемлекеттік қаражат есебінен 878,0 мың теңге түсті.

Негізгі құралдарды өтеусіз алу 420 343,4 мың теңгені құрайды.

Жалпы сомасы 10014,5 мың теңгені құрайтын кітап қоры «Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің 2382 қосалқы шотында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханадан өтеусіз алынды.

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облысының құрылысы» мемлекеттік мекемесінен 402965,7 мың теңге сомасында 2330 қосалқы шоттың құрылысын өтеусіз алды (баланстық құны 402965,7 мың теңге).

«Жәнібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінен бастапқы құны бойынша 540,5 мың теңге сомасында 2370 қосалқы шотына өтеусіз өндірістік және шаруашылық құралдар алды, (баланстық құны 520,2 мың теңге, жинақталған тозу 20,3 мың теңге).

 Жәнібек ауданы әкімі аппаратының 2370 қосалқы шотынан  өндірістік және шаруашылық құралдар 316,8 мың теңге сомасында (баланстық құны 316,8 мың теңге) «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінен өтеусіз алынды.

«Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-дан «Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2370 қосалқы шотына 959,9 мың сомаға құрал-жабдықтар, өндірістік және тұрмыстық жабдықтар өтеусіз алынды. (жинақталған тозу құны 959,9 мың теңге).

«Жәнібек ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2322 қосалқы шотынан «Жәнібек аудандық ветеринарлық станциясы» МКҚК-дан  5546,0 мың теңге көлеміндеөтеусіз құрал-саймандар, өндірістік және тұрмыстық жабдықтар алынды (баланстық құны 5120,8 мың теңге, жинақталған тозу 425,2 мың теңге).

 Есепті кезеңде аяқталмаған құрылыста (өткен жылдардың қаржыландырылуына байланысты) 257 395,2 мың теңге сомасына негізгі құралдар алынды, оның ішінде 231522,0 мың теңге ғимараттар, 25873,2 мың теңге электр жабдықтары.

 Бастапқы құны бойынша 808 760,0 мың теңге негізгі құралдарды шығару, оның ішінде қосалқы шот бойынша жарғылық капиталды ұлғайтуға 2330 шоты бойынша 766,770,2 мың теңге аударылды (баланстық құны 753 351,7 мың теңге, жинақталған тозу құны 13 418,5 мың теңге),  аукцион  бойынша сатылған  автокөліктер 4035,0 мың теңге (жинақталған тозу құны 4035,0 мың теңге), мүгедектерге арналған арбалар 361,0 мың теңге (баланстық құны 361,0 мың теңге), 37593,8 мың теңге және тозуға байланысты есептен шығарылды (баланстық құны 36956,0 мың теңге, жинақталған тозу құны 637,8 мың теңге).

 Есепті кезеңде негізгі құралдар бойынша 277 132,6 мың теңге сомасында амортизация есептелді. Есепті кезеңнің аяғында жинақталған амортизация 1982312,4 мың теңгені құрады.

Есепті кезеңнің аяғында баланстық құны бойынша негізгі құралдар 3687139,7 мың теңгені құрады.

«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша («Баланс» 1-нысанның 212,214,215,218 жолдары) есепті кезеңнің басында мекемелердің кредиторлық берешек сомасы 12 314,0 мың теңге сомасында көрсетіледі, есепті кезеңнің соңында қарыз 3537,9 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салстырғанда 8776,1 мың теңгеге азайды.

Кредиторлық берешек қаржыландыру жоспарының жеткіліксіз болуына байланысты қалыптасты.

2019 жылдың 1 қаңтардағы шоғырландырылған қаржылық есеп  қорытындысы бойынша есепті тапсыру мерзімі бекітіліп, барлық мемлекеттік мекеме уақытында жауаптылықпен сапалы түрде тапсырды. Және де ешқандай кемшіліктер болмады. Облыстық қаржы басқармасына да өз уақытында тапсырылды.

Дата публикации
08 января 2020
Дата обновления
08 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ - 2026
16 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізімі, орналасқан жерлері және шекаралары
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы