Аудандардың, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдарына
Орталық уәкілетті органға
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес Сырым ауданының әкімдігі мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру жөніндегі конкурс өткізуді жоспарлауда.
Аталған баптың 4 тармағына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны
тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, хабарламаны өзіңізге тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыруыңыз сұралады.
Қосымша: конкурсты өткізу туралы хабарламалар (мемлекеттік және орыс тілінде).
Сырым ауданының әкімі Т.Турегалиев