Аудан тұрғындары үшін
АҚПАРАТ
Ағымдағы жылдың 25 наурызында сағат 14-00 шамасында Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінің аумағында қалың қар еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар "Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен" автожолының 3 учаскесінде су толып кетті.
Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ, көлік қозғалысы бұзылмаған. Су басу аймақтары белгі ленталарымен қоршалып, жол белгілері орнатылды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның, жол полициясының және төтенше жағдайлар бөлімінің күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Ақпарат ретімен хабарланады.
Жәнібек ауданының әкімдігі