ХАБАР
2020 жылғы 3 шілдеде өткізілген Қамысты ауылдық округі әкімінің сайлауына аудандық мәслихаттың 11 депутатынан 8 депутат-таңдаушы қатынасты.
Кандидаттарға берілген дауыстар төмендегіше болды.
Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич – 7 таңдаушының дауысына ие болған.
Садырбаев Нурболат Мухтарович – 1 таңдаушының дауысына ие болған.
Шарипов Назар Амангельдиевич – таңдаушылардың дауысына ие болған жоқ.
Жоғарыдағы негізінде дауыстарды санау нәтижелері бойынша ең көп дауыс алуына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич Қамысты ауылдық округінің сайланған әкімі болып саналсын деген шешім қабылдады.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
2020 жылғы 3 шілдеде өткізілген Қамысты ауылдық округі әкімі сайлауында сайланған әкім туралы хабар
Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич, 05.03.1995 жылы туылған, ұлты қазақ, Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының тұрғыны.
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы