Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Батыс Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек уақытын алдын ала брондап бара бастады

4 мамыр 2020 жылы Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады.

Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.  

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы  немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, кезекке тапсырыс беру – ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы. Ол ХҚО-ға бірден қызмет алу үшін немесе құжатын алып кету үшін ғана барады.  «Бірінші күні біз кезекке тапсырыс бермеген клиенттердің өзінен жағымды пікір естідік. Олар қызметтерді тез алуға болатындығын көріп, келесі жолы тек брондау арқылы келуге уәде берді», – деп толықтырды Балташева.

"Орал қаласында жаңа форматтағы ХҚО ашылған күні 100-ден аса азаматтар  ҚР жеке куәлік пен ҚР төлқұжатына рәсімделді. Сонымен қатар 200-ге жуық қызмет алушы әлеуметтік қамсыздандыру және жылжымайтын мүлік тіркеу бағытындағы қағаз жүзіндегі қызмет түрлерін алды. Тұрғындардан маскалық  режимді ұмытпай сақтауларыңызды сұраймын", - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиал директоры Марат Бассаров.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ХҚО-лар  шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ашылды.

Дата публикации
08 мая 2020
Дата обновления
08 мая 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ - 2026
16 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізімі, орналасқан жерлері және шекаралары
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы